Connect with us

Самое интересное на сайте

24 баланы дүниеге әкелген жетісайлық ана арманын айтты

Опубликовано

Сапаркүл Әбутәліпова 13 жасында келін атанған.

Түркістан облысы, Жетісай ауданының 71 жастағы тұрғынын көпке үлгі боларлықтай ақ жаулықты аналардың бірі деп атауға болады. Ойлай дейтініміз, алтын құрсақты ана 24 баланы дүниеге әкелген. Өкініштісі, тағдырдың жазғаны болар, перзенттерінің тек 12-сінің ғана көрер жарығы болыпты. Қалғаны 1-1,5 жасар кезінде шетінеп кетеді.

Сапаркүл әжей алғаш келін болып түскен кезін еске алып, заманның талай қиындығын бастан өткерген шақтары туралы баяндап берді.

«Жолдасым Жоламан отбасында жалғыз ұл болды. Оның ата-анасы мен менің үйімдегілер өзара келісіп, маған бала күнімнен құда түсті. 13 жасымда ақ босаға аттадым. Жолдасым 16 жаста болды. Мен баламын ғой, көп нәрсені білмедім. Енем білгенін үйретіп, маған өз қызындай қарап, қамқорлық танытты. Ол заман қиын болды ғой, оқуға түсіп, білім алуға жағдай болмады. Жолдасым әйтеуір совхоздың малын бағып, отбасын асырады. Мен көмекшісі болдым ол кісінің» — деп әңгімесін бастады алтын құрсақты ана.

45 жылдай осы салада еңбек еткен алтын құрсақты ана сауатым болмаса да, балаларды қатарынан кем қылмай өсірдік деп отыр.

«Алланың бергені ғой, перзент ешқашан көптік етпейді. Мен үйде, жолдасым мал бағып жүріп перзенттеріміз бірінен соң бірі дүниеге келді. Аралары бір жастан. Тұңғышым Фарида қазір 52 жаста. Кенжем Тұрсынай 30-да. 24 перзенттің 12-і арамызда, бес ұл, жеті қыз. Жолдасым екеуміз Қараөзек деген ауылда, үшінші ұлдың қолында тұрамыз. Оның да балалары өсіп қалды. Келін түсіретін жасқа жетті. Балаларымның барлығының шүкір, білімі бар. Бір-бір үйдің отынын тұтатып, бізге тәп-тәтті немере мен шөбере сыйлап отыр. Аллаға шүкір, алпыс шақты немере мен он шақты шөбереміз бар», — деді Сапаркүл Әбутәліпова.

Фотода Сапаркүл әжей екінші қызы Мәрияммен

Бір рет үшемді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген көпбалалы анаға «Батыр ана» атағы 1979 жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелген соң беріліпті. Кейін кеңес үкіметі тарап, тәуелсіздік алған соң Сапаркүл әжейге екінші рет «Алтын алқа» медалі табысталады.

«Мемлекет өзім секілді батыр аналарын қамқорына алып, көмегін аяп отырған жоқ. Шүкір, зейнетақым да жаман емес» деп сөзін жалғаған көпбалалы ана ендігі арманын жеткізді.

«Үлкен немеремді дүниеге келген сәтінен бастап бауырыма бастым. Өз ұлымдай болып кетті. Ендігі арманым сол баланың қолына құсын қондырып, бірге тұрсақ дейміз. Тек баспана мәселесі қиындау болып тұр. Осыдан 5-6 жыл бұрын мемлекеттен берілетін үйге кезекке тұрғанмын. Кейінірек құжаттарым табылмай, биыл кезекке тағы тұрдым. Кезінде үкіметтің малын бағып, елге қызмет еттік қой жолдасым екеуміз. Енді сол бейнеттің зейнетін көріп отырмыз, шырағым. Баспана мәселесі шешілсе деген арманымыз бар. Мен сырқат дегенді білмей өскен адаммын. Бірақ, қартайған соң денсаулығың да сыр береді екен. Екі рет пышаққа түстім. Енді сол қалада (Жетісай қаласы: автор), емханаға жақындау жерде тұрсақ деген тілек қой біздікі. Шыны керек, жас келгендіктен шығар балаларымның жасын ұмытып қала беремін кейде», — деді Сапаркүл Әбутәліпова.

Сұхбат соңында алтын құрсақты ана жас келіндерге өзінің әжелік кеңесін де бере кетуді жөн санады.

«Біздің кезімізде күн көру қиынның қиыны болды. Тіпті оны тізіп шықсам, жүрегің ауырып кетеді. Соған қарамастан баланы да туып, жұмысты да жасадық. Ал қазір жағдай мүлдем басқаша. Керегіңнің бәрі дайын. Өмірге келген соң артыңнан көбірек ұрпақ қалғаны дұрыс. Әр баланың өз несібесі болады» деп сөзін түйген Сапаркүл әжей баспана мәселесі шешілетін күн алыс емес екенінен үмітті екенін жасырмады.

Новости

Жестокое убийство инкассаторов в Туркестанской области: полиция раскрыла преступление

Опубликовано

В Туркестанской области задержали подозреваемого в нападении на инкассаторский автомобиль и в убийстве двоих людей.

7 июня в нескольких километрах от города Арысь на инкассаторскую машину произошло нападение. Автомобиль вез 7,5 миллиона тенге, предназначенные для выплаты пенсий и пособий. Полиция начала поиск пропавших инкассаторов, когда они перестали выходить на связь. Спустя некоторое время оперативники нашли сначала брошенную машину на месте нападения, а затем трупы убитых мужчин в 35 километрах от города Арысь. Они погибли от огнестрельных ранений.

«В ходе оперативно-розыскных мероприятий установили личность подозреваемого и задержали его по месту жительства. Им оказался местный житель 1981 года рождения, коллега двух убитых инкассаторов. У задержанного изъяли охотничье ружье и похищенные деньги. Он дал признательные показания, что, находясь в отпуске, напросился по дороге доехать вместе с ними, а затем застрелил их и скрылся с деньгами. Мужчина подозревается в совершении преступлений по двум статьям УК РК: 99 «Убийство» и 192 «Разбой». Задержанный арестован. Все детали произошедшего будут установлены в ходе досудебного расследования», — сообщили в Департаменте полиции Туркестанской области.


Читать дальше

Новости

В Шымкенте взорвалась автоцистерна с газом. Есть пострадавший

Опубликовано

Сегодня днем в Шымкенте произошел крупный пожар. Возгорание произошло на территории газового хранилища в районе Тассай. Из-за угрозы взрыва на место происшествия были направлены все противопожарные силы и средства. Установлено, что на территории автомобильной газозаправочной станции ТОО «МУРАЗ» имеется 2 емкости хранения газа по 200 кубических метра каждая. Одна емкость горит открытым пламенем, сообщили в ДЧС Шымкента. Также на территории АГЗС взорвались 2 автоцистерны емкостью 7 кубометров и 2 автоцистерны по 50 кубометров. По официальным данным, есть один пострадавший. Мужчина с различными ожогами доставили в больницу. Пожар локализовали в 12.21. В тушении пожара принимали участие 21 единица техники и 90 человек личного состава.

Внимание: видео содержит нецензурную лексику. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Шымкенттегі ит пен мысыққа арналған қонақ үй туралы не білеміз?

Опубликовано

Иә-иә, ешқандай да қалыс оқыған жоқсыз. Кәдімгі ит пен мысықтар «тынығатын орынды» дәл Шымкенттен табуға болады. Бұл қонақ үй жанында әсемдік (груминг) салоны, күндізгі емхана, тіпті зоодүкен де бар. Яғни, тұтастай жануарларға арналған кешен. Егер сізде ит пен мысығыңыз болса, осы қызметтің бәрін қаланы шарламай-ақ бір жерден алып кете аласыз.

Үйшік, жатын орын, тіпті желдеткішке дейін бар

Қонақ үй үш бөлімнен тұрады.  Оның бірі мысықтарға арналса, кейінгілері ірі төбеттер мен ұсақ тұқымды иттерге арналған. Әр бөлмеде үй жануарына арналған жатын орын, үйшік, ыдыс-аяқ пен өзге де қажеттіліктер қарастырылған. Тіпті кейде ит пен мысық иелері сүйікті жануарының жағдайы үшін ойыншықтарын да бірге алып келеді. Мұны қонақ үй қызметкерлері келген үй жануарының бірнеше күннен соң өз иелері мен мекен еткен үйіне деген сағынышының алдын алады деп түсіндірді. Яғни, ойыншықтармен алаңсыз ойнап, өз үйінде жүргендей сезінеді екен. Айтпақшы, қонақ үйде желдеткіш те орнатылған. Осы ретте мұндағы баға туралы мәлімет сізді де қызықтырып отырған болу керек. Мысықтар үшін тәулігіне 1000 теңге, ал иттерге 1500 теңге алынады.  Бұл бағаның ішінде тазалық шаралары, күндізгі серуен, тамақтандыру секілді қызметтер кіреді. Ал олардың тағамын иелері өздерімен бірге алып келуі қажет. Себебі әр жануардың өзінің тамақтану рационы болады.

Әрбір ит пен мысық жеке бақылауға алынады

«Біз әрбір келген ит пен мысыққа ерекше назар аударамыз. Оларды серуендету үшін ауламыз да бар. Таза ауада серуен кезін де жекелей бақылаймыз. Себебі бәрін бірден аулаға шығарсақ, бір-бірімен ырылдасып қалуы мүмкін. Әсіресе үшінші-төртінші күн өткенде оларға ерекше тәсілмен мән беруге тырысамыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені олар иелерін сағына бастайды. Тіпті кейбірінің көңіл күйі болмай, қамаулы тұрған бөлмесінен шықпай қояды», — деді қонақ үй қызметкерлері.

«Зооветсервис» кешенінің әкімшісі Нина Ивановна келушілердің әрбірінің өзіндік мінезі болатынын алға тартты. Бірі ойынды жақсы көрсе, енді бірі сабырлы келеді. Оны қонақ үйге өткізерде иелері айтады екен. Соған қарай күтім де жүргізіледі.

Қонақ үйге жылдың жаз мезгілінде келушілер көбейе түседі. Дәл сол уақытта көбі еңбек демалысына шығып, шет ел асып жатады. Кейбірі өзге қалаларға кетеді. Енді бір өзге де шаруаларымен жүреді. Сондай сәтте тұрғындар ит пен мысықтарын осы жерге алып келуді құп көреді. Қонақ үйде апталап, кейде бірнеше ай қонақ болатындар бар. Тек жаз ауасы емес, жыл он екі ай да бұл жерді мекен ететіндер жоқ емес.

«Қонақ үйдің ашылуының өзі қажеттіліктен туындады. Кешеннің бас дәрігері демалысқа кететін болып, үйіндегі үй жануарларын қалдыратын жер болмаған. Ол кісі бірнеше жануарды ұстайды. Күні бүгінге дейін бізге 787 келуші болды», — деп әңгімесі жалғаған кешен әкімшісі мына бір клиент туралы айтып берді.

Футболшының күшігі – тұрақты клиент

«Ордабасы» футбол клубында Сербиядан келген футболшы болды. Ол осында келісімшартпен ойнаған. Соның өте сүйкімді күшігі болды. «Мальтийская болонка» деп аталатын тұқымнан. Футболшыларды өзіңіз де білесіз ғой, үнемі жарыстарда жүреді. Сол күшік біздің тұрақты келушіміз еді. Бірақ өкініштісі,  күшікті Сербияда көлік қағып кетіпті», — деді Нина Ивановна.

«Вечерний ургант» жобасын көретін «Мадам» мысығы

Алматылық бір келіншек Шымкентке қонаққа келіп, біраз шаруаларын тындырып алмақ болып бірнеше күнге мысығын өткізеді. «Мадам» есімді мысық өзінің сылқымдылығымен қызметкерлердің есінде сақталып қалыпты. Ең қызығы, «Мадам» күн сайын кешкілік уақытта ресейлік «Вечерний ургант» жобасын көрмей ұйықтамайды екен. Өзінің IPad  планшеті — нағыз ойыншығы. Сол арқылы жобаны күн ұзаққа қарап отырады. Осыдан кейін кешен иесі қонақ үйдің әрбір бөлмесіне бір-бір планшеттен алуды көздепті. Бірақ кейінірек ол ойын өзгерткен.  

Ерекше айта кетерлігі, бұл зоологиялық кешенде иелері алып келіп, кейін хабарсыз кететіндері де бар. Оларды қызметкерлер өздеріне қалдырады. Мәселен, алты жастағы «Қазанбас» есімді төбет солардың бірі. Екі айлық кезінде емханаға ауыр сырқатпен келіп түскен оны иесі  өлтіре салыңдар деген екен. Бірақ, бас дәрігер кішкентай ғана күшікті емдеп, екінші өмір сыйлаған. Айтпақшы, емханаға ит пен мысықтарға отаның кез келген түрі жасалынады. Осы ретте кешен әкімшісі Нина Ивановна кей тұрғындарда жануарларға деген мейірімділік жоғалып барады деп қынжылды. Айтуынша, үйінде ит немесе мысық асырайтындар дұрыс күтпейді. Уақытысында егу жұмыстарын жасатпайды. Салдарынан жануар аурушаң болады. Тіпті кейде ит пен мысығын көшеге қалдырып, қатыгездік танытандар да көп деген ол жануарға кішкентай бала секілді күтім жасау керектігін алға тартты.

Әсемдік салонында Ресейде білім алған грумер еңбек етеді

Зоологиялық кешендегі груминг салоны туралы әңгіме тым бөлек. Ресейде білім алып келген грумер маманы Екатерина Мауэр ит пен мысық иелерінің талаптары жоғары деп отыр. Тек иелері емес, үй жануарының өздері де мінезді болып келеді екен. Шомылдырарда грумер маманына әлі үйренісе қоймағандары жатырқап жатады. Орынсыз мияулап немесе үріп мазаны алады. Бірақ маман мұны уақытша дейді. Уақыт өте үйренісіп, өз туысындай қабылдайды екен.

«Әсемдік салонында жүн қырқу, шомылдыру, «фенмен» кептіру, тарау, құлақтарын тазалау, тіпті тырнақтарын қысқартып, «жасанды тырнақ» та жабыстырып береміз. «Жасанды тырнақ» жиһаздарды бүлдірудің алдын алады. Яғни, табиғи тырнаққа пластмассадан жасалынған қалпақша жабыстырылады. Осы уақытқа дейін түрлі клиентті кездестірдім. Алғаш рет келгендер ит пен мысығының мінез-құлқын, талғамын айтады. Соған қарай қызмет көрсетеміз. Алғашында жатырқағандары кейінірек үйренісіп, тіпті біздің қызметімізге риза болып, ұзақ қоштасады. Бетімізден сүйіп, көздерінен балбұл жайнаған әсерін де байқаймыз», — деді грумер.

Айтпақшы, әсемдік салонында шамунь мен бальзам, иіссулар мен түрлі жақпаларға дейін итальяндық «Милорд» компаниясының өнімдері қолданылады. «Біз үшін бірінші кезекте сапа» деген Екетарина Мауэр өз қызметінің құны ит пен мысықтың салмағы мен көлеміне қарай өзгеріп отыратынын айтты. Мәселен, мысықты шомылдырып, кептіру, жүнін қырқу, құлағын тазалау ақысы 3500 теңгеден, дәл сол қызмет түрлері иттер үшін 4500 теңгеден басталады. Грумер қызметіне жылдың жаз бен көктем мезгілдеріне сұраныс жоғарылай түседі. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.