Connect with us

Самое интересное на сайте

Тәжік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Бүкіл ауыл бізді қолдап, жалғыз әкем қарсы болды

Опубликовано

Түркістан облысына қарасты Жетісай аданының тұрғыны Эльмира Айтуғанова мен Шавкат Исматовтың шаңырақ көтеруі  тұрмысқа шығуы құдды бір үнді фильмдерін еске салады.

Сол кездегі Мақтарал ауданы, Зерделі ауылында өскен Эльмира күйеуі Шавкат Исматов бір көшеде тұрған. Жастары түйдей құрдас. Бір мектепте білім алған. Көркі көз тартарлық жасөспірімге жолдасының көзі 5-сынып оқып жүрген кезінде түсіпті. Алайда келіп, сөз айтуға дәті шыдамай жүреді. 7-сынып оқып жүрген кезінде жігерін жинап, Эльмирамен жақын танысуға бел буады. Алғашында көрші ретінде араласып жүріп, кейінірек  қызға сөз салады.

«Менің қызым боласың ба?»,- деді. Шынымды айтсам, оған дейін жігітпен жүріп көрмеген мен сөзді қалай салатынын да білмеймін ғой. «Жарайды, болайын ба?» деп жауап қаттым (күліп). Себебі үйдің үлкенімін, ол тақырыпта сырласатын жеңгелерім болмады» деп әңгімесін бастады 33 жастағы Эльмира Айтуғанова.

Шавкат Исматов — тәжік ұлтының азаматы. Орыс сыныбында білім алған. Алғашында олардың махаббатын туыстары мен көршілері балалық сезімге балап мән бермеген екен. Мектепті тәмамдаған олар Жетісай қаласына аттанып, оқуға түседі. Эльмира мұғалім болуды, Шавкат тіс дәрігері болуды армандайды. Оқу орнында білім алып жүріп те олар қыз бен жігіт болып кездесіп жүреді. Арадағы сезім үлкен махаббатқа ұласқанын сезгенде олар бір-бірі үшін жаратылған жандар екенін түсініп, шаңырақ көтеруге бел буады.

«Кез келген ұлттың өкілі балаларының өз ұлтымен шаңырақ көтергенін қалайды ғой. Бірақ, Шавкаттың ата-анасы маған қарсы болған жоқ. Тек менің ата-анам түбегейлі қарсы болды. Уақыт өтіп анам менің сезімімді түсінсе керек, батасын берді. Бірақ, әкемді көндіру қиынға түсті. Шавкат екеуміз де қалада оқудамыз. Оның туыстары үйге келіп, әкемнің батасын сұрап жүрді. Ол кісі келіспеді. Тіпті үйден қуып шығатын. Содан менің келісіміммен Шавкат алып қашатын болды», — деді тәжік шаңырағының келіні.

Қыз бен жігіт екеуара келісіп, өз бақыттары үшін тек осы жолмен ғана қол жеткізуге болатынын түсінеді. Алып қашатын күн белгіленіп, қазақ қызы ақ босаға аттайды. Кешірімге адамдар жіберіледі. Эльмира көшенің мына басында тұрса, Шавкат көшенің соңында тұрады. Кешірімге келген хабаршыларға үзілді-кесілді қарсы болған Эльмираның әкесі көшенің ортасына дейін жаяулатып шығып, қызын қайтып әкелуге тырысыпты. Күллі ауылдың үлкендері басу айтып, «Қызыңның бағыңды байлама» деп батасын ақыры алады. Қысқасы, күллі көшенің үлкендері жабылып жүріп ол кісіні көндіріпті. 

«Бүкіл ауыл біздің махаббаты қолдады, тек әкем ғана қарсы болды. Аллаға шүкір, бүгінде Шавкат төркінімнің сүйікті күйеу баласы. Бүгінде әкемнің өзі өткенді еске салмауымды, күйеуімнің көңіліне тиіп қалуы мүмкін деп кеңесін беріп отырады» деген Эльмира алғаш босаға аттағанда жаңа отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы туралы да бөлісті.

«Жолдасым көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Бес ұл, екі қыз. Жолдасым үйдің екінші ұлы болғанымен ағасынан бұрын үйленді. Яғни, мен шаңырақтың тұңғыш келінімін. Келін боп түсе сала енем «Тәжік ұлты келінге қатал, таңертең ерте тұрып, аула сыпыруы керек екен» деп ойлама. Өз қызымыздай қараймыз саған. Еш қысылмай жүре бер» деп бірден айтты. Бүгінде енеммен құрбыларша араласамыз. Керек десеңіз, ата-енемнің қолында тұратын кенже келін тәжіктің қызы. Кейде енем қазағыма жетпейді деп мақтап отырады. Бәлкім тұңғыш келін болған соң солай шығар. Оның үстіне мен тұрмысқа шықпай тұрып та ата-енемді таныдым. Өзімнің ата-анам олармен ауылдас ретінде араласты, талай дастархандас болған», — деді келіншек.

Жас жұбайлардың тойлары тек екі жыл өткен соң өтеді. Өйткені үйдің үлкен ұлының үйленгенін күткен екен. Екі ұлдың тойы бірге жасалынады. Бір атап өтерлігі, бұл той күндіз өткен. Бірақ, қазақтың барлық жоралғылары сақталған, асаба да қазақ тілінде той басқарыпты. Тіпті қазақ қызын келіндікке аларда күйеу жігіт жақ қалыңмал төлеп, беташар да жасаған. Балалы болғанда бесік той дүркіреп өткен. Осы ретте қалыңмал құны бізді қызықтырмай қоймады.

«2005 жылы шықтым ғой тұрмысқа. Бір қой мен 70 мың теңге берді. Ол кезде әжептеуір ақша болатын», — деді Эльмира.

«Мен келін боп түскен шаңырақ тәжік ұлты болғанымен, ол кісілер тәжікстандық емес. Керек десеңіз, ол елде туыстары да жоқ. Ата-бабаларының бәрі Қазақстанда тұрған. Сондықтан болар ол кісілер қазақ болып кеткен. Үйде де қазақша сөйлесеміз. Менен кейін екі келін де қазақтың қыздары» деп сөзін жалғады ол.

Отандасқандарына 13 жыл болған ерлі-зайыптылар қазіргі таңда бір қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Өз сөзінде қазақ қызы жолдасының айтуымен балалары жеке басын куәландыратын құжат аларда ұлты деген тұсқа «қазақ» етіп жаздыруды көздеп отыр.

«Балаларым ертең өскенде қиналып қалмаса екен. Бәрібір де өзге ұлт болсаң ертелі-кеш бөліну деген болады» дейді жолдасым. Балаларымыздың барлығының есімдері қазақша. Үлкенімізді қайын ағам қойды, қалған екі ұл: Асхат пен Раянның есімін жолдасым екеуміз қойдық. Тұңғышым атасы мен апасының қолында өсті. Кенжеміз дүниеге келгенде қолғабыс болсын деп өз қолымызға алдырдық» деген Эльмира Айтуғанова өз балаларының өзге ұлттың өкілімен шаңырақ көтеруіне еш қарсылығым жоқ деп отыр.

«Біз қаншама қарсылыққа қарамастан өз қалауымызбен шаңырақ көтердік. Меніңше кез келген адам екінші жартысын тек өзі таңдағаны дұрыс. Себебі онымен тұратын өзі, ата-анасы емес. Жүрек қалауы болды ма, таңдауын жасағаны абзал. Бұл шаңырақтың шайқалмауына да үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Рас, отбасы болған соң кейде ренжісіп қалатын кездер болады. Бірақ, мен оны төркініме барып ешқашан айтпаппын. Жолдасым да солай. Неге? Себебі таңдауды өзіміз жасадық. Күйеуім балаларымыздың жар таңдауына өз қалауларына беремін деп отыр», — деді жетісайлық келіншек.

Дегемен ол өз сөзінде бұл арқылы қазақ қыздарына ешқандай да насихат жүргізгісі келмейтінін кесіп айтты.

«Менен кейінгі сіңлімді менімен ауылдағы бір мұғалім туысымен таныстырмақ болды. «Қарақалпақтың жігіті» деді. Мен үзілді-кесілді қарсы болдым. Сөйтсем кейін білдім, ол ұлты емес, руы сондай екен… Неге екенін білмеймін, сіңлімнің басқа ұлтқа шыққанын қаламадым және басқа қыздарға өзге ұлтқа шығыңдар деп насихат жүргізгім жоқ», — деді Эльмира.

Эльмира мен Шавкат кейбір ерлі-зайыптылар секілді көпбалалы ата-ана атану жоспарымызда жоқ дейді. Өйткені қазіргі заманда баланы бағу, тәрбиелеу оңай емес.

«Балаларымыз таршылықта өспесе екен дейміз. Қазір өздеріңіз білесіздер, күн көру оңай емес. Оның үстіне құлағына сырға тағып, шашын бояп алатын жастарды көріп, балаларымыздың болашағына да алаңдаймыз. Екіншім мен кенжемнің арасы он жас. Оның өзін аяқтан тұрып алайық деп жоспарладық. Бірақ, біздің дегеніміз емес, бәрі Алланың қалауы ғой» деп сөзін түйіндеді Эльмира Айтуғанова.

Қысқасы, үнді фильмдеріндегідей махаббат үшін күресте дегеніне жеткен жетісайлық ғашықтардың махаббат хикаясы осылайша өрбиді.   

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Шымкентте дәрігерлердің жалақысы өсті

Опубликовано

Бұдан былай басқарма емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды.

Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды. Ақ халаттылар жалақысы биылдан бастап бірден 20 пайызға артады. Алайда, бұл өзгеріс мамандарға үлкен жауапкершілік жүктегелі тұр.

Еңбекақысы көтерілген медицина мамандары-ауруларды басқару бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өткен. Ауруларды басқару бағдарламасы дегеніміз — созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдарды қолдауға арналған және созылмалы ауруларды жүргізуді жақсартуға бағытталған кешенді, әртүрлі жоспарлы тәсіл болып табылады. Яғни, созылмалы ауруға шалдыққа пациенттердің электронды картасын дайындап, олардың өз-өзіне жауапкершілігін арттыруға дағдыландырудың жолын меңгеруі тиіс. Шымкентте жаңа жүйені оқып, жоғары жалақыға үмітті екі жүзден аса медициналық қызметкер бар. Оған 475 орта медициналық қызметкерлерді тағы қосыңыз.

Тоқсан соңына дейін терапевттер мен орта деңгейдегі медициналық қызметкерлердің 100% ауруды басқару бағдарламасына оқыту жоспарланған. Осылайша, 2019 жылы жаңа жүйені енгізген 1,5 мыңға жуық дәрігер мен орта медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 20 пайызға артады.

Читать дальше

Самое интересное на сайте

По делу о покушении на замакима района в Туркестанской области вынесли приговор

Опубликовано

Заказчик, пособник и исполнители получили ограничение свободы. Потерпевшая Рабига Бейсебаева заявила в суде, что простила своих обидчиков.

В Толебийском районе Туркестанской области завершился судебный процесс по делу о вооруженном нападении на заместителя акима Толебийского района Рабигу Бейсебаеву.

По уголовному делу проходили четверо фигурантов: заказчик, посредник и два исполнителя. Суд признал четверых мужчин виновными в самоуправстве и незаконном хранении оружия и приговорил их к ограничению свободы.

Фигуранты уголовного дела

Досудебное расследование проводили по статье «Покушение на убийство», затем его переквалифицировали на две другие статьи УК РК:

  • 293, часть 3, пункт 2 – «Хулиганство с применением или попыткой применения огнестрельного, газового оружия, ножей, кастетов и иного холодного оружия либо других предметов, специально приспособленных для причинения вреда здоровью»;
  • 287, часть 4 – «Незаконные приобретение, передача, сбыт, хранение, перевозка или ношение огнестрельного оружия, совершённые группой лиц по предварительному сговору или неоднократно».

Во время судебного процесса статью «Хулиганство» вновь заменили – на «Самоуправство».

В суде адвокат главного фигуранта Алихана Амалбаева утверждал, что заместитель акима задолжала крупную сумму матери подсудимого и не вернула эти деньги. Рабига Бейсебаева отрицала этот факт.

По версии обвинения, Алихан Амалбеков заказал своему знакомому Серику Бектанову нападение на Рабигу Бейсебаеву, пообещав заплатить за это 1,3 млн тенге. Серик Бектанов, в свою очередь, нашёл двоих людей, которые должны были выследить жертву и совершить вооружённое нападение.

Алихана Амалбекова приговорили к году ограничения свободы, остальных подсудимых – к полутора годам. Пострадавшая чиновница в суде заявила, что прощает своих обидчиков и согласна с приговором суда.

Заместитель акима Толебийского района Рабига Бейсебаева

На заместителя акима Толебийского района Туркестанской области Рабигу Бейсебаеву напали 23 октября 2018 года. В женщину выстрелили из травматического оружия прямо возле её дома во время обеденного перерыва. На звук выстрелов вышли люди и спугнули нападавших. Пуля попала в голову, Рабигу Бейсебаеву экстренно прооперировали.

В январе 2019 года, когда начался судебный процесс, прокурор заявил, что покушение на чиновницу было спланированным, так как у предполагаемого организатора преступления был давний конфликт с Рабигой Бейсебаевой.

Материал Informburo.kz

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Двойное убийство в Шымкенте: за что убили бизнесмена и его жену?

Опубликовано

Стали известны подробности убийства супружеской пары в Шымкенте. Мотивом преступления мог стать долг. 

Специализированный следственный суд Шымкента сегодня постановил поместить под стражу молодого человека, подозреваемого в двойном убийстве. С виду скромный мужчина подозревается в жестокой расправе над бизнесменом и его женой. 

Супружескую пару убили 6 февраля. Их тела обнаружили в частном доме по улице Байтурсынова: мужчину застрелили в гостевой комнате, где он смотрел телевизор, а хозяйку дома зарезали в спальне. Как сообщил следственный прокурор Максат Кожабаев, преступник проник в дом через подвал, после убийства он забрал с собой деньги и драгоценности на общую сумму 2 300 000 тенге. Обрез ружья, которым он застрели предпринимателя, молодой человек выбросил в колодец. 

Следственный прокурор Максат Кожабаев

Подозреваемого задержали спустя десять дней. Полиция обнаружила у него краденные деньги и золото. Мужчина вину признал и на судебном процессе сегодня попросил прощения. В полиции сообщили, что мотивом к двойному убийству стал долг. Подозреваемый два года назад работал водителем у погибшей четы. Как рассказал следователь, работодатели не заплатили ему 75 тысяч тенге, выплаты которых молодой человек так и не добился. В итоге, видимо, он решил отомстить. 

Судья Камшыбек Анарбаев

Сейчас задержанному мужчине инкриминируют тяжкие и особо тяжкие статьи уголовного кодекса: разбой, убийство и незаконное приобретение/хранение оружия. Ближайшие два месяца он проведет под стражей, пока идет следствие.

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.