Connect with us

Самое интересное на сайте

Өзбек тойында сіз білмейтін қандай дәстүр бар?

Опубликовано

Келін ақ босағаны аттай бергенде үйдің шатырынан оған қораз лақтырады. Бұны көпшілік тойларда қалыңдықтың қолындағы гүл шоғын лақтыру рәсіміне ұқсатады…

«Қазақтың тойы бітпесін». Бұл кез келген жиында көпшіліктің бір-біріне айтылатын басты тілектерінің бірі. Дегенмен біз бұл жолы қазақтың емес, өзбек халқының тойлары туралы сөз қозғаймыз. Оқырман қауымға қызыққа толы мәлімет беру үшін Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен үйлену тойларының бірінде болдық.

Жергілікті депутат әрі мәслихат хатшысы Мухиддин Сиддиков үлкен ұлын үйлендіріп, ұлан-асыр той жасады. Ұлан-асыр деуімізге де себеп жоқ емес. Ол туралы сәл кейінірек…

Назима

Жас жұбайлардың танысуы да қызық. Гиёсиддиннің Назимаға біраз уақыттан бері көзі түсіп жүрген екен. Бірақ, арнайы барып таныса алмаған. Себебі бойжеткен үзілді-кесілді қарсы болыпты. Тіпті әлеуметтік желіде оны бұғаттап та тастаған екен. Содан жігіт ата-анасын ортаға салады. Олар қыздың ата-анасымен сөйлесіп, екі жақ құда болуға шешім қабылдайды. Міне, тек осы кезде ғана қыз бен жігіт алғаш рет арнайы танысыпты. 20 жастағы қалыңдық Назима тұрмысқа шығуға неліктен келісім бергенін былайша түсіндірді.

«Ата-анамның шешіміне қарсы шықпадым. Тіпті ондай ой да болмады. Менің тұрмысқа шығатынымды анам айтты. Жас та емеспін, келісімімді бердім. Күйеу жігіт ұнайды өзіме. Бақыттымын, әрине»,-деді Назима.

Айтпақшы, қалыңдық — болашақ педагог. 23 жастағы күйеу жігіт медицина саласы бойынша білім алуда.

Ерекше атап өтерлігі, Қазақстандағы өзбек халқы мен Өзбекстанның жергілікті тұрғындарының тойды өткізу жоралғыларында өзіндік айырмашылықтар жоқ емес.

Өзбек халқының үйлену тойы өздерінің салттарына сәйкес үш күнге созылады. Алғашқы күнгі той қалыңдық үйінде өтеді. Қазақтарда ұзату тойында бойжеткен түнгі уақытта күйеу жігіттің босағасын аттайтын болса, өзбектерде қалыңдық өз үйінде өткен тойдың ертеңіне таңғы уақытта қалыңдық шаңырағына барады. Кешкісін күйеу жігіт жағы дүркіретіп тойлайды. Ал үшінші күні жас жұбайлар қалыңдықтың үйінде қонақта болады. Қазақтың салтымен айтқанда, «есік ашу».

Біз бойжеткенді күйеу жігіттің үйіне шығарып салу рәсіміне қатыстық. Қалыңдық пен күйеу жігіттің төбелеріне үлкен ақ орамал жабылады. Бұл қалыңдықтың бет-әлпетін көргендердің көзі өтпес үшін жасалатын ырым екен. Сонымен қатар жас келіннің жүріп өтетін жолына ақ мата төселеді. Мұны өзбек халқы жаңа өмірге қадам басқалы отырғандардың жолдары әрдайым ашық болсын деген ниетпен жасайтынын айтты.

Жас жұбайлар үйге жақындай бергенде күйеу жігіт Гиёсидиннің достары оларды ортаға алып, жеңгелерінен «сатып алуын» сұрады. Әлбетте жеңгелер жағы бұған да сақадай-сай болды. Достарына қалыңдықтың өз қолымен кестелеп тіккен орамалды сыйлыққа берді. Осы сәтте достар тарапы күллі ауылға той болып жатқанын естірту үшін барынша дауыстап думандатты. Айтпақшы, жас жұбайлар үйге жете бергенде күйеу жігіт артта қалып қойды. Қалыңдықты үйге жеңгелері алып кірді.  Осы сәтте қызықтың бәрі басталды деуге болады.

Келін ақ босағаны аттай бергенде үйдің шатырынан оған қораз лақтырады. Бұны көпшілік тойларда қалыңдықтың қолындағы гүл шоғын лақтыру рәсімімен ұқсатуға келеді. Бірақ, қоразды тұрмысқа шықпаған бойжеткендер емес, бойдақ жігіттер қағып алуы керек. Қораз бұйырған жігіт өз ортасында мықтылардың бірі болып табылады. Яғни, ауылдың бойжеткендері көз қырын салатын жігіт атанады. Мұнан соң қалыңдық жанындағы жеңгелермен бірге ауланың бір шетіне өтіп, осы сәтте тойлау басталды. Өзбектің ұлттық аспаптарымен түрлі әуендер ойналды, билер биленді. Бір қызығы, бұл көңілді көтеру шарасына тек әйелдер қауымы қатысуы тиіс екен. Ал ерлер қауымы үйдің сыртқы тұсында тек бақылай ғана алады.

Негізі өзбек халқында тойды еркектер мен әйелдер бірге тойламайды, бөлек отырады. Тіпті араласып билей де алмайды. Тағы бір атап өтерлігі, той иесінің туыстары бір-бір шарамен түрлі тағамдарды өздерімен бірге алып келеді. Әрине, әркім өз шамасына қарайды. 

Қонақтар әбден думандатып болған соң қалыңдық адыраспанмен аласталады.

Өзбек тойларының ең қызық тұсы — күйеу жігіттің қалыңдыққа қол көтеруі. Тарқатып айтқанда, қалыңдық үстінен шатыр іспеттес жабылған орамал төбесінен күйеу жігіт ұрады. Бұл сәтте қалыңдық орамалдың астында болады. Кейін бұл соққыны күйеу жігіттің досы қайталайды. Әрине, бұл кезде қалыңдық айтарлықтай жарақат алмайды. Себебі жеңгелер тарапы келіннің төбесіне қолдарын қойып, соққы қолдарына тиюін қамтамасыз етеді. Қонақтардың айтуынша, бұл отбасында әйел адамы  қарапайым болуы үшін және күйеуінен аттап кетуге болмайтын дәстүр деп түсіндірді.

Әрмен қарай думандату жалғасты. Қонақтар үстел басына жинала бастады. Ал қалыңдық қонақтар дастарханға отырып болғанша бір шетте тұрды.

Кейінірек ол өзіне арнайы жайылған дастарханы бар жеке бөлмеде отырды. Бұл сәтте қалыңдық киімін бірнеше рет ауыстырып та үлгереді.


Қалыңдық киімін бірнеше рет ауыстырып үлгереді

Ерекше атап өтерлігі, өзбек халқының дәстүрі бойынша қызға  қалыңмал беру деген атымен жоқ. Бірақ қазақстандық өзбектер оны төлейді. Назиманың артынан 500 мың теңге көлемінде қалыңмал беріліпті. Той иесінің туыстары  бұл ауыз толтырып айтарлықтай сома дегенді алға тартты. Назиманың ауылдастары ақ босағат аттаған оның бағы бар деп санайды. Не дегенмен депутаттың шаңырағына келін боп түсу екінің біріне бұйыра бермейді дейді олар.

Міне, осылайша біз қызыққа толы өзбек тойында болып, біраз жайтқа қанығып қайттық. Біздің мақала сізге де қызықты болды деген сенімдеміз…

Новости

Жестокое убийство инкассаторов в Туркестанской области: полиция раскрыла преступление

Опубликовано

В Туркестанской области задержали подозреваемого в нападении на инкассаторский автомобиль и в убийстве двоих людей.

7 июня в нескольких километрах от города Арысь на инкассаторскую машину произошло нападение. Автомобиль вез 7,5 миллиона тенге, предназначенные для выплаты пенсий и пособий. Полиция начала поиск пропавших инкассаторов, когда они перестали выходить на связь. Спустя некоторое время оперативники нашли сначала брошенную машину на месте нападения, а затем трупы убитых мужчин в 35 километрах от города Арысь. Они погибли от огнестрельных ранений.

«В ходе оперативно-розыскных мероприятий установили личность подозреваемого и задержали его по месту жительства. Им оказался местный житель 1981 года рождения, коллега двух убитых инкассаторов. У задержанного изъяли охотничье ружье и похищенные деньги. Он дал признательные показания, что, находясь в отпуске, напросился по дороге доехать вместе с ними, а затем застрелил их и скрылся с деньгами. Мужчина подозревается в совершении преступлений по двум статьям УК РК: 99 «Убийство» и 192 «Разбой». Задержанный арестован. Все детали произошедшего будут установлены в ходе досудебного расследования», — сообщили в Департаменте полиции Туркестанской области.


Читать дальше

Новости

В Шымкенте взорвалась автоцистерна с газом. Есть пострадавший

Опубликовано

Сегодня днем в Шымкенте произошел крупный пожар. Возгорание произошло на территории газового хранилища в районе Тассай. Из-за угрозы взрыва на место происшествия были направлены все противопожарные силы и средства. Установлено, что на территории автомобильной газозаправочной станции ТОО «МУРАЗ» имеется 2 емкости хранения газа по 200 кубических метра каждая. Одна емкость горит открытым пламенем, сообщили в ДЧС Шымкента. Также на территории АГЗС взорвались 2 автоцистерны емкостью 7 кубометров и 2 автоцистерны по 50 кубометров. По официальным данным, есть один пострадавший. Мужчина с различными ожогами доставили в больницу. Пожар локализовали в 12.21. В тушении пожара принимали участие 21 единица техники и 90 человек личного состава.

Внимание: видео содержит нецензурную лексику. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Шымкенттегі ит пен мысыққа арналған қонақ үй туралы не білеміз?

Опубликовано

Иә-иә, ешқандай да қалыс оқыған жоқсыз. Кәдімгі ит пен мысықтар «тынығатын орынды» дәл Шымкенттен табуға болады. Бұл қонақ үй жанында әсемдік (груминг) салоны, күндізгі емхана, тіпті зоодүкен де бар. Яғни, тұтастай жануарларға арналған кешен. Егер сізде ит пен мысығыңыз болса, осы қызметтің бәрін қаланы шарламай-ақ бір жерден алып кете аласыз.

Үйшік, жатын орын, тіпті желдеткішке дейін бар

Қонақ үй үш бөлімнен тұрады.  Оның бірі мысықтарға арналса, кейінгілері ірі төбеттер мен ұсақ тұқымды иттерге арналған. Әр бөлмеде үй жануарына арналған жатын орын, үйшік, ыдыс-аяқ пен өзге де қажеттіліктер қарастырылған. Тіпті кейде ит пен мысық иелері сүйікті жануарының жағдайы үшін ойыншықтарын да бірге алып келеді. Мұны қонақ үй қызметкерлері келген үй жануарының бірнеше күннен соң өз иелері мен мекен еткен үйіне деген сағынышының алдын алады деп түсіндірді. Яғни, ойыншықтармен алаңсыз ойнап, өз үйінде жүргендей сезінеді екен. Айтпақшы, қонақ үйде желдеткіш те орнатылған. Осы ретте мұндағы баға туралы мәлімет сізді де қызықтырып отырған болу керек. Мысықтар үшін тәулігіне 1000 теңге, ал иттерге 1500 теңге алынады.  Бұл бағаның ішінде тазалық шаралары, күндізгі серуен, тамақтандыру секілді қызметтер кіреді. Ал олардың тағамын иелері өздерімен бірге алып келуі қажет. Себебі әр жануардың өзінің тамақтану рационы болады.

Әрбір ит пен мысық жеке бақылауға алынады

«Біз әрбір келген ит пен мысыққа ерекше назар аударамыз. Оларды серуендету үшін ауламыз да бар. Таза ауада серуен кезін де жекелей бақылаймыз. Себебі бәрін бірден аулаға шығарсақ, бір-бірімен ырылдасып қалуы мүмкін. Әсіресе үшінші-төртінші күн өткенде оларға ерекше тәсілмен мән беруге тырысамыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені олар иелерін сағына бастайды. Тіпті кейбірінің көңіл күйі болмай, қамаулы тұрған бөлмесінен шықпай қояды», — деді қонақ үй қызметкерлері.

«Зооветсервис» кешенінің әкімшісі Нина Ивановна келушілердің әрбірінің өзіндік мінезі болатынын алға тартты. Бірі ойынды жақсы көрсе, енді бірі сабырлы келеді. Оны қонақ үйге өткізерде иелері айтады екен. Соған қарай күтім де жүргізіледі.

Қонақ үйге жылдың жаз мезгілінде келушілер көбейе түседі. Дәл сол уақытта көбі еңбек демалысына шығып, шет ел асып жатады. Кейбірі өзге қалаларға кетеді. Енді бір өзге де шаруаларымен жүреді. Сондай сәтте тұрғындар ит пен мысықтарын осы жерге алып келуді құп көреді. Қонақ үйде апталап, кейде бірнеше ай қонақ болатындар бар. Тек жаз ауасы емес, жыл он екі ай да бұл жерді мекен ететіндер жоқ емес.

«Қонақ үйдің ашылуының өзі қажеттіліктен туындады. Кешеннің бас дәрігері демалысқа кететін болып, үйіндегі үй жануарларын қалдыратын жер болмаған. Ол кісі бірнеше жануарды ұстайды. Күні бүгінге дейін бізге 787 келуші болды», — деп әңгімесі жалғаған кешен әкімшісі мына бір клиент туралы айтып берді.

Футболшының күшігі – тұрақты клиент

«Ордабасы» футбол клубында Сербиядан келген футболшы болды. Ол осында келісімшартпен ойнаған. Соның өте сүйкімді күшігі болды. «Мальтийская болонка» деп аталатын тұқымнан. Футболшыларды өзіңіз де білесіз ғой, үнемі жарыстарда жүреді. Сол күшік біздің тұрақты келушіміз еді. Бірақ өкініштісі,  күшікті Сербияда көлік қағып кетіпті», — деді Нина Ивановна.

«Вечерний ургант» жобасын көретін «Мадам» мысығы

Алматылық бір келіншек Шымкентке қонаққа келіп, біраз шаруаларын тындырып алмақ болып бірнеше күнге мысығын өткізеді. «Мадам» есімді мысық өзінің сылқымдылығымен қызметкерлердің есінде сақталып қалыпты. Ең қызығы, «Мадам» күн сайын кешкілік уақытта ресейлік «Вечерний ургант» жобасын көрмей ұйықтамайды екен. Өзінің IPad  планшеті — нағыз ойыншығы. Сол арқылы жобаны күн ұзаққа қарап отырады. Осыдан кейін кешен иесі қонақ үйдің әрбір бөлмесіне бір-бір планшеттен алуды көздепті. Бірақ кейінірек ол ойын өзгерткен.  

Ерекше айта кетерлігі, бұл зоологиялық кешенде иелері алып келіп, кейін хабарсыз кететіндері де бар. Оларды қызметкерлер өздеріне қалдырады. Мәселен, алты жастағы «Қазанбас» есімді төбет солардың бірі. Екі айлық кезінде емханаға ауыр сырқатпен келіп түскен оны иесі  өлтіре салыңдар деген екен. Бірақ, бас дәрігер кішкентай ғана күшікті емдеп, екінші өмір сыйлаған. Айтпақшы, емханаға ит пен мысықтарға отаның кез келген түрі жасалынады. Осы ретте кешен әкімшісі Нина Ивановна кей тұрғындарда жануарларға деген мейірімділік жоғалып барады деп қынжылды. Айтуынша, үйінде ит немесе мысық асырайтындар дұрыс күтпейді. Уақытысында егу жұмыстарын жасатпайды. Салдарынан жануар аурушаң болады. Тіпті кейде ит пен мысығын көшеге қалдырып, қатыгездік танытандар да көп деген ол жануарға кішкентай бала секілді күтім жасау керектігін алға тартты.

Әсемдік салонында Ресейде білім алған грумер еңбек етеді

Зоологиялық кешендегі груминг салоны туралы әңгіме тым бөлек. Ресейде білім алып келген грумер маманы Екатерина Мауэр ит пен мысық иелерінің талаптары жоғары деп отыр. Тек иелері емес, үй жануарының өздері де мінезді болып келеді екен. Шомылдырарда грумер маманына әлі үйренісе қоймағандары жатырқап жатады. Орынсыз мияулап немесе үріп мазаны алады. Бірақ маман мұны уақытша дейді. Уақыт өте үйренісіп, өз туысындай қабылдайды екен.

«Әсемдік салонында жүн қырқу, шомылдыру, «фенмен» кептіру, тарау, құлақтарын тазалау, тіпті тырнақтарын қысқартып, «жасанды тырнақ» та жабыстырып береміз. «Жасанды тырнақ» жиһаздарды бүлдірудің алдын алады. Яғни, табиғи тырнаққа пластмассадан жасалынған қалпақша жабыстырылады. Осы уақытқа дейін түрлі клиентті кездестірдім. Алғаш рет келгендер ит пен мысығының мінез-құлқын, талғамын айтады. Соған қарай қызмет көрсетеміз. Алғашында жатырқағандары кейінірек үйренісіп, тіпті біздің қызметімізге риза болып, ұзақ қоштасады. Бетімізден сүйіп, көздерінен балбұл жайнаған әсерін де байқаймыз», — деді грумер.

Айтпақшы, әсемдік салонында шамунь мен бальзам, иіссулар мен түрлі жақпаларға дейін итальяндық «Милорд» компаниясының өнімдері қолданылады. «Біз үшін бірінші кезекте сапа» деген Екетарина Мауэр өз қызметінің құны ит пен мысықтың салмағы мен көлеміне қарай өзгеріп отыратынын айтты. Мәселен, мысықты шомылдырып, кептіру, жүнін қырқу, құлағын тазалау ақысы 3500 теңгеден, дәл сол қызмет түрлері иттер үшін 4500 теңгеден басталады. Грумер қызметіне жылдың жаз бен көктем мезгілдеріне сұраныс жоғарылай түседі. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.