Connect with us

Самое интересное на сайте

Шымкенттің инста жұлдыз арулары кімдер?

Опубликовано

INSTAGRAM қарапайым халық үшін танымал адамдардың өмірі мен өнерін жіті қадағалап отыратын аренаға айналғанына аз уақыт бола қоймады. Кімнің қайда және кіммен жүргенін білу үшін бар болғаны желіге кірсеңіз жеткілікті. Әлеуметтік желі тек танымал адамдар үшін ғана емес, кез келген жанның бағын ашып, әп-сәтте жұлдыз болуына үлкен мүмкіндік береді.  Қарапайым өмірден ертегі әлемінен бір-ақ шығып жатқандар саны күн сайын артуда. Осы ретте zynqala.kz көркіне көз тоймайтын шымкенттік сұлу бойжеткендердің үздік топтамасын назарларыңызға ұсынады. Сонымен, оқырманы санынан жағынан көш бастап тұрған шымкенттік инста жұлдыз арулар кімдер?

  1. Зарина Нұржанова @zarina_nurzhanovaa

Оқырман саны — 265 202 мың 

13 жастағы вайнер Зарина Нұржанова вайн түсіру арқылы әлеуметтік желіде танымал бола бастады. Ол түрлі тақырыптарда вайн түсіріп, көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлап жүрген жас таланттардың бірі. 5  жасында мектепке барған шымкенттік оқушы 9 сыныпта оқиды, ағылшын тілін жетік меңгерген. Вайнердің INSTAGRAM парақшасын қарап шықсаңыз, оның жан-жақты оқушы екенін байқауға болады. Ән айту, би билеу — басты хоббилерінің бірі. Шымкенттік ең жас инста жұлдыз «Бала дауысы-2017» байқауында көрермен көзайымы атанған.

Жасы небәрі 13-те болса да Заринаны әлеуметтік желі арқылы табыс табудың негізгі кілтін тапқан жасөспірім деуге болады. Себебі парақшасында түрлі жарнамалардан көз сүрінеді.

  1. Карина Гурьянова @karina_guryanova

Оқырман саны – 122 073

20 жастағы Карина Гурьянова кәсіби тұрғыдағы модель. Осыдан төрт жыл бұрын ол «Қазақстан аруы-2014» байқауында үздік 20 бойжеткеннің қатарына енген. Шымкенттік бойжеткен биыл да сұлулар сынында бағын сынады. Тек бұл жолы ол байқауға INSTAGRAM  кастингі арқылы өткен.

Сылқым ару кәсіби тұрғыда макияж жасаумен айналысады. Бала күнінен биге және көркем гимнастикаға қатысқан. Жүзу мен каратэ спорт түрлерін де меңгерген оның бойынан бір мін табу қиын. Модельдің әлеуметтік желідегі парақшасын қарап отырсаңыз,  әлемнің көптеген елдерінде болғанын байқауға болады. Көз сүрінерлік суреттері  оқырмандарын күн сайын таң қалдыруда.   Желіге жүктеген фотоларына пікір қалдырушылардың басым көпшілігі ер азаматтар. Сұлулығына тамсанып отырады. Тіпті араларында мұндай сұлу арудың Шымкент көшелерінде жалғыз жүруіне алаңдайтындар да табылады.

Айта кетерлігі, инста жұлдыздың өз атымен аталатын сұлулық салоны бар.

  1. Мадина Изтай @madinaiztay

Оқырман саны – 102 697

Сұлу бойжеткен Мадина Изтайды салауатты өмір салтын ұстанатын арулардың қатарына жатқызуға болады. Тенниспен айналысатын ол суда жүзгенді де ұнатады. Шетелде саяхаттағанды жаны сүйетін шымкенттік ару өзіне ғашық жандардың бірі. Парақшасында оқырмандарымен кері байланыс орната білетін желі қолданушысы десек қателеспейміз. Ара-тұра жазылушыларына сауал қойып, кеңес те алып тұрады. Кейде қалжыңдасып та жатады.

Бойжеткен Мадина табиғи сұлулығымен ерекшелене білетін сұлу арулардың қатарында.

  1. Арай Сұлтан @araysultan

Оқырман саны – 95 508

Шымкенттік инста жұлдыз бойжеткендердің қатарына енген Арай Сұлтан 18 жаста. Әсемдікті жаны қалайтын арудың студент атанғанына көп уақыт өте қоймады. Ол бүгінде Астанада оқиды. Арай Сұлтан парақшасында   түрлі көңіл көтеру орындарында түскен фотоларымен жиі бөліседі. Нәзіктігімен ерекшелене білетін бойжеткеннің фотоларына қарағанда видеолары көп қаралым жинайды. Ал пікір қалдырушы қолданушылар бойжеткен туралы көп мағлұмат алғысы келеді. Бірақ, парақша иесі көп жағдайда жауап жаза қоймайды. Студент болған соң ба уақыты бола бермейтін шығар деген болжам жасадық. Айтпақшы, бойжеткен Шымкенттегі той көйлектері салонының киімдерімен түскен фотосын парақшасында жиі жариялайды.

  1. Шолпан Маябасова @sholpan.mayabasova

Оқырман саны — 50 529

Шымкенттік инста жұлдыз арулардың топтамасына Шолпан Маябасованы да қосуға болады. Елу мыңнан астам оқырманы бар INSTAGRAM қолданушысы да сұлулық әлемінен алыс емес. Өзінің салоны бар. Елімізге әйгілі визажист Санди Бексырғаның шәкірті. Өзіне күтім жасауды бірінші кезекке қоя білетін Шолпан бір ұлдың анасы. Ұлының суреттерін   оқырмандарымен бөлісіп отырады.  2015 жылдың жазында желіге келген жас ананың жүктеген суреттеріне түрлі мақтаулы пікірлер қалдыратындар көп. Басым көпшілігі сұлулығына тамсанған қыздар қауымы.

  1. Дарья Сивожелезова @dasha_sivozhelezova

Оқырман саны – 48 423

Мүсіні мінсіз ару Дарья Сивожелезова INSTAGRAM желісінен бөлек, қалың көрермен үшін де таныс. Ол Шымкенттегі жергілікті телеарналардың бірінде тележүргізуші. Youtube желісінде өзінің каналын жүргізіп отырады. Түрлі мәселелерді көтере білетін Даша өз парақшасында көптеген фотоларын жүктеп, өмірге деген көзқарасын ортаға салуды әдетке айналдырған. Бірақ, көп жағдайда суреттерін «no comment» (ешбір жазба-пікірсіз) етіп қалдырады. Соған қарағанда тележүргізуші пікірталастан өзін алшақ ұстағысы келетін секілді.

  1. Жанель Сергеевна @janelyasergeevna_

Оқырман саны – 43 909  

Инстаграмда оқырман саны жағынан үздікке енгендердің бірі – Жанель Сергеевна. Бойжеткеннің жасы 23-те. Көптеген елдерде саяхаттағанды ұнатады. Тіпті бұл туралы ол өзінің парақшасына да жазып қойған. Желіге жүктеген фотоларынан өз арманына жету үшін тынбай еңбек ететін арулардың қатарынан екенін байқауға болады. Бизнеспен айналысатын ол түрлі киім дүкендерінің киімдерін жарнамалап отырады. Көңіл көтеру жағынан да өзгелерден кем түспейді. Оған көпшілікпен бөлісіп отырған суреттері дәлел.  Жанельдің мүсінінен бірнеше татуировканы байқауға болады.

  1. Мадина @wowshymkent


Оқырман саны – 43 079

27 жастағы  Мадина блогер. Бизнеспен айналысады. Тұрмыс құрған, екі баланың анасы. Мадинаның парақшасына салынған фотоларды қарап отырсаңыз, өмірге деген құлшынысы ерекше жан екенін бірден байқауға болады. Еңбекқор келіншектің фантазиясы да ерекше. Үнемі оқырмандарына мотивациялық кеңестер беріп отырады.

«Шымкенттік келіндер бастарынан орамалын тастамай, ұзын етекті киім киіп жүреді екен» деген таңсық пікірдегілерді Мадинаның оқырманы болуға шақырамыз.  Айтпақшы, заманауи келіншектің мүсініне бірнеше татуировка салынған.

  1. Диана Болшынбаева @diana_bolshynbaeva_

Оқырман саны – 27 810

Шымкенттік кәсіби визажист Диана Болшынбаева INSTAGRAM-дағы жазылушылар саны жағынан үздік ондықтың тоғызыншы орнына жайғасты. Сұлулық әлемінде бар білгенін шәкірттеріне  үйретуден шаршамайтын келіншек өткен жылы Шымкенттегі ең үздік визажист атанды. Айтпақшы, Диана Болшынбаева визажистерге арналған авторлық мектептің негізін қалаушы. Диананың бір ерекшелігі, парақшасына өзінің фотоларын жиі жүктей бермейді. Көбіне қыз-келіншектерді әрлеген жұмысын және түрлі мағыналы видеоларды салып отырады.

10.Диана Ыдырыс @diana.idris

Оқырман саны – 13 963

Танымал блогер Диана Ыдырыс үздік ондықты қорытындылайды. 32 жастағы Диана туралы айтар болсақ, әлемі бөлек ару түрлі мәселелерді астарлы оймен парақшасы арқылы бөлісіп отырады. Желіге жүктеген фотоларын көріп, фантазиясы ұшан-теңіз адам екенін байқайсыз. Айтпақшы, блогер Photoshop-ты бес саусағындай меңгеріп алған деген ойға қаласың. Себебі көптеген суреттері осы бір бағдарламаның көмегімен өңделген.

Самое интересное на сайте

Шымкентте дәрігерлердің жалақысы өсті

Опубликовано

Бұдан былай басқарма емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды.

Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды. Ақ халаттылар жалақысы биылдан бастап бірден 20 пайызға артады. Алайда, бұл өзгеріс мамандарға үлкен жауапкершілік жүктегелі тұр.

Еңбекақысы көтерілген медицина мамандары-ауруларды басқару бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өткен. Ауруларды басқару бағдарламасы дегеніміз — созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдарды қолдауға арналған және созылмалы ауруларды жүргізуді жақсартуға бағытталған кешенді, әртүрлі жоспарлы тәсіл болып табылады. Яғни, созылмалы ауруға шалдыққа пациенттердің электронды картасын дайындап, олардың өз-өзіне жауапкершілігін арттыруға дағдыландырудың жолын меңгеруі тиіс. Шымкентте жаңа жүйені оқып, жоғары жалақыға үмітті екі жүзден аса медициналық қызметкер бар. Оған 475 орта медициналық қызметкерлерді тағы қосыңыз.

Тоқсан соңына дейін терапевттер мен орта деңгейдегі медициналық қызметкерлердің 100% ауруды басқару бағдарламасына оқыту жоспарланған. Осылайша, 2019 жылы жаңа жүйені енгізген 1,5 мыңға жуық дәрігер мен орта медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 20 пайызға артады.

Читать дальше

Самое интересное на сайте

По делу о покушении на замакима района в Туркестанской области вынесли приговор

Опубликовано

Заказчик, пособник и исполнители получили ограничение свободы. Потерпевшая Рабига Бейсебаева заявила в суде, что простила своих обидчиков.

В Толебийском районе Туркестанской области завершился судебный процесс по делу о вооруженном нападении на заместителя акима Толебийского района Рабигу Бейсебаеву.

По уголовному делу проходили четверо фигурантов: заказчик, посредник и два исполнителя. Суд признал четверых мужчин виновными в самоуправстве и незаконном хранении оружия и приговорил их к ограничению свободы.

Фигуранты уголовного дела

Досудебное расследование проводили по статье «Покушение на убийство», затем его переквалифицировали на две другие статьи УК РК:

  • 293, часть 3, пункт 2 – «Хулиганство с применением или попыткой применения огнестрельного, газового оружия, ножей, кастетов и иного холодного оружия либо других предметов, специально приспособленных для причинения вреда здоровью»;
  • 287, часть 4 – «Незаконные приобретение, передача, сбыт, хранение, перевозка или ношение огнестрельного оружия, совершённые группой лиц по предварительному сговору или неоднократно».

Во время судебного процесса статью «Хулиганство» вновь заменили – на «Самоуправство».

В суде адвокат главного фигуранта Алихана Амалбаева утверждал, что заместитель акима задолжала крупную сумму матери подсудимого и не вернула эти деньги. Рабига Бейсебаева отрицала этот факт.

По версии обвинения, Алихан Амалбеков заказал своему знакомому Серику Бектанову нападение на Рабигу Бейсебаеву, пообещав заплатить за это 1,3 млн тенге. Серик Бектанов, в свою очередь, нашёл двоих людей, которые должны были выследить жертву и совершить вооружённое нападение.

Алихана Амалбекова приговорили к году ограничения свободы, остальных подсудимых – к полутора годам. Пострадавшая чиновница в суде заявила, что прощает своих обидчиков и согласна с приговором суда.

Заместитель акима Толебийского района Рабига Бейсебаева

На заместителя акима Толебийского района Туркестанской области Рабигу Бейсебаеву напали 23 октября 2018 года. В женщину выстрелили из травматического оружия прямо возле её дома во время обеденного перерыва. На звук выстрелов вышли люди и спугнули нападавших. Пуля попала в голову, Рабигу Бейсебаеву экстренно прооперировали.

В январе 2019 года, когда начался судебный процесс, прокурор заявил, что покушение на чиновницу было спланированным, так как у предполагаемого организатора преступления был давний конфликт с Рабигой Бейсебаевой.

Материал Informburo.kz

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Двойное убийство в Шымкенте: за что убили бизнесмена и его жену?

Опубликовано

Стали известны подробности убийства супружеской пары в Шымкенте. Мотивом преступления мог стать долг. 

Специализированный следственный суд Шымкента сегодня постановил поместить под стражу молодого человека, подозреваемого в двойном убийстве. С виду скромный мужчина подозревается в жестокой расправе над бизнесменом и его женой. 

Супружескую пару убили 6 февраля. Их тела обнаружили в частном доме по улице Байтурсынова: мужчину застрелили в гостевой комнате, где он смотрел телевизор, а хозяйку дома зарезали в спальне. Как сообщил следственный прокурор Максат Кожабаев, преступник проник в дом через подвал, после убийства он забрал с собой деньги и драгоценности на общую сумму 2 300 000 тенге. Обрез ружья, которым он застрели предпринимателя, молодой человек выбросил в колодец. 

Следственный прокурор Максат Кожабаев

Подозреваемого задержали спустя десять дней. Полиция обнаружила у него краденные деньги и золото. Мужчина вину признал и на судебном процессе сегодня попросил прощения. В полиции сообщили, что мотивом к двойному убийству стал долг. Подозреваемый два года назад работал водителем у погибшей четы. Как рассказал следователь, работодатели не заплатили ему 75 тысяч тенге, выплаты которых молодой человек так и не добился. В итоге, видимо, он решил отомстить. 

Судья Камшыбек Анарбаев

Сейчас задержанному мужчине инкриминируют тяжкие и особо тяжкие статьи уголовного кодекса: разбой, убийство и незаконное приобретение/хранение оружия. Ближайшие два месяца он проведет под стражей, пока идет следствие.

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.