Connect with us

Самое интересное на сайте

Шымкенттің байлары салық төлемей жүр

Опубликовано

Шымкенттегі «Тараз» шағынауданы «шық бермес шығайбайлар»  мекені атанып келеді. Зәулім сарай иелері жылжымайтын мүлік пен жер салығын төлеуге келгенде салғырттық танытып отыр.  

Бүгінде дәл осы тараздық 20 тұрғын мемлекетке берешек. Алайда салығын төлеуге асығар емес. Қарызын төлеуге асықпайтындардың арасында саясаткер де, сатирашы да бар.  Сын садағына салықшыларды жиі ілетін Тука, яғни, Нұржан Төлендиев де  мемлекет қазынасына қарыз. Мемлекеттік кірістер басқармасы базасында 150 мың теңгеге жуық қарызы бары жазылған. Сахна еркесі жылжымайтын мүлік  және жер салығын төлеуді ұмыт қалдырған құсайды.  Себебін де сұрап білдік.

«2017 жылға салықты төлегенбіз. Досым екеуміз ЦОН-ға барып төлеп қойдық. Үйдің техпаспортын алатын кезде 2018- ге дейін төлегенмін. Барайын, бетпе бет жолығайық. Іс сапарда едім, барған соң бәрін көріп, төлеп беремін», — деді «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев. 

Алайда салық басқармасындағылар өнер адамына ескертпе жібергенбіз деп отыр.

«Тараз» шағынауданының тұрғыны Төлендиев Нұржан  Темірханұлының 2017 жылға төленбеген 146 866 мың теңге қарызы бар. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салықтарын төлеу үшін хабарлама қағазын беріп отырмыз. Алдын ала хабарлама электронды түрде кеткен. Жауап жоқ. Осы күнге дейін төлемеген. Алдын 5 күн, одан кейін бір ай уақыт беріледі. Одан кейін сот орындаушыларына жолданады. Бұл процестің бәрі жүріп қойған», — деді Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Мейрамбек Бексұлтанов.

Тек ауқаттылар ғана тұратын шағынауданға арнайы рейд жасаған мамандар, зәулім сарай иелерін кезіктіре алмады. Тіпті, есігін ашпағандар да кездесті. Десе де бірқатарының үйіне ескертпе хат берілді.

Самое интересное на сайте

Аким Шымкента зарезал барана на праздновании Наурыза

Опубликовано

Празднование  Наурыза в Шымкенте началось на берегу реки Кошкар-ата. Аким города Габидулла Абдрахимов принес барана в жертву. 

Наурыз шымкентцы начали праздновать на берегу реки Кошкар-ата.  Здесь проводились национальные обряды и массовые гулянья.

У истока реки были установлены три большие юрты, в каждом из них по обычаю готовили национальные блюда и накрывали дастархан. Тонну баурсаков приготовили для сегодняшнего праздника. Но главным угощением на столе был наурыз-коже. На берегу Кошкар-аты сегодня приготовили 300 литров этого блюда.

Пришедший поздравить горожан аким Габидулла Абдрахимов участвовал в обряде жертвоприношения — несколько человек зарезали барана на Наурыз. Абдрахимова также попросили провести обряд «тусау кесу» — чиновник по традиции «перерезал путы» годовалой девочке и пожелал ей счастливого будущего. 

Национальные игры — куресу (борьба) и кошкар-котеру (состязание по поднятию барана) — являются неотъемлемой частью праздника Наурыз. Джигиты мерились силами и по очереди поднимали барана весом более 40 кг. Самым сильным в состязании признали мужчину, сумевшего поднять животное на плечах более сотни раз.

Пожилые гости праздника пели национальные песни. На праздник привезли беркутов, лошадей и верблюдов. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан облысында көлік апатынан 3 бала мен ер кісі мерт болды

Опубликовано

Оқиға бүгін Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында, яғни, Түркістан облысында орын алған. ​Daewoo Nexia және Hyundai Starex минивэн жеңіл автокөлігі соқтығысты. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан 5 жастағы екі бүлдіршін мен 15-тегі жасөспірім ауруханаға барар жолда көз жұмды. Апат орын алған жерге Түркістан облыстың полиция департаментінің басшысы барды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. 

«Ірі көлік апатынан соң зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай үшеуі қайтыс болды. Тағы екі ер кісі, яғни, екі жүргізуші медицина мекемесіне ауыр халде түсті. Оның біреуі ауруханада көз жұмды» делінген ведомство хабарламасында.   

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан азаматы Шымкенттегі түнгі клуб күзетшісін пышақтап тастады

Опубликовано

Оқиға наурыздың 11-іне қараған түні Шымкент орталығындағы түнгі клубтардың бірінде орын алған. Күзетшімен ерегісіп қалған ер азамат оған пышақпен дене жарақатын салған. Қанды оқиғаның куәгерлері 102 қызметі мен жедел жәрдем шақыртты.

«Әл-Фараби аудандық ПБ-ның кезекші қызметіне хабарлама келіп түсе салысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы тез арада жетіп, мән-жайын анықтады. Белгілі болғаны түнгі клуб қызметшісіне дене жарақаты салынған. Күдікті ретінде Түркістан облысының азаматы ұсталды. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Айта кетерлігі, оқиға орнына 6 бірдей патрульдік полиция бригадасы қамтылған. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, осынша тәртіп сақшысының оқиға орнына жұмылдырылуы жаппай төбелестің алдын алу болып табылыпты. 

Дене жарақатын алған жәбірленуші күзетші ауруханаға жеткізілді. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.