Connect with us

Самое интересное на сайте

Шымкентте ЭКО жасату құны қанша?

Опубликовано

Балалы үй — базар. Өкініштісі, елімізде сәбилі бола алмауының салдарынан көптеген шаңырақ шайқалып отыр. Өткен жылғы статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы ерлі-зайыптылардың 15-20 пайызы бедеулік пен белсіздік проблемасына тап болған. Осы ретте Zynqala.kz тілшісі көптеген жанға экстракорпоральді ұрықтаныру жолымен бала сүю мүмкіндігін сыйлап отырған Шымкенттегі ЭКО орталық мамандарымен тілдесіп қайтты.

ЭКО кез келген әйелге жасала бермейді

Шымкенттік репродуктолог дәрігер Зухра Джантаеваның айтуынша, медицина мекемесіне келген кез келген әйел азаматына бірден денеден тыс ұрықтандыру жолы жасалынбайды. Мамандар алдымен ерлі-зайыпты жұпты тексеруден өткізіп, бала көтере алмауының себебін анықтайды. «Талай есікті қағып, соңғы үмітіміз сіздерде, бала сүйгіміз келеді» деп келген талай жанға табиғи жолмен де ата-ана атануларына көмектеседі.

«Біз келген әйел азаматтарының денсаулығынан түрлі кінәраттарды анықтап жатамыз. Бедеуліктің түрлі себебі болады. Мәселен, овуляцияның болмауы, ұрықтың өспеуі немесе қалқанша безінің өзгерісі, жатырдың өзгеруі секілді. Егер әйелде сондай белгілер байқалса, онымен күресу жолын қарастырамыз. Бізге жасанды жолмен бала көтереміз деп толықтай ем алып болған соң табиғи жолмен сәбилі болып жатқан талай келіншектер бар. Ал егер жатырдың екі бірдей түтігі жоқ немесе бітелген болса, ондай жағдайда тек ДТҰ әдісі қолданылады», — деді Зухра Джантаева.

Дәрігер ел арасында «Ерлі-зайыптылардың қан құрамы, ағзасындағы жасушалардың бір- біріне қайшы келуінен де бала болмайды» деген ұғымды жоққа шығарып отыр.

Проблема тек әйелден емес, еркектен де табылады. Мәселен, еркек шәуітінің (сперматозоид) әлсіздігінен немесе жыныс мүшесіндегі ақаудан соң оның сыртқа шықпау салдарынан да әйелдер бала көтере алмайды. Ал ЭКО әдісінде еркектің шәуіті мен аналық ұрықты арнайы лабораторияда ұрықтандырып, кейін эмбрион жатырға салынады.

Кепілдік беріле ме?

«Жатырға түскен ұрықтың (эмбрион) түсіп қалмасына кім кепіл?» деген сауалдың туындары заңдылық.

«Орталық аналық ұрық пен еркек шәуітін бір-бірімен қосып, дайын эмбрионды жатырға салып береді. Кейін әйел 14 күннен соң жүктілікті анықтайтын қан талдамасын жасайды. Тағы үш ай акушер маманының қадағалауына алынады да ары қарай өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша медицина мекемесіне қаралады. Яғни, оның табиғи жолмен бала көтергендерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Бәрі де әйелдің өзіне байланысты. Табиғи жолмен жүкті болған әйелдің түсік тастап қалуына ешкім кепілдік бермейді ғой? Бала әйелдің денсаулығына байланысты түсуі мүмкін. Сәбиді босанарда да оларға өзге әдіс қолданбайды. Өздігінен немесе кесарь тіліге арқылы сәбиін дүниеге әкеле алады» — деп сөзін жалғады дәрігер.

ЭКО арқылы дүниеге келген сәбидің тағдыры не болмақ?

Дәрігер ЭКО арқылы дүниеге келген баланың кейін ұрпақ сүю мүмкіндігі болмайды екен дегенмен де келіспей отыр. Оның табиғи жолмен дүниеге келген баладан еш айырмашылығы жоқ. Ол да ананың құрсағында тоғыз ай, тоғыз күн жатады. Ой-өрісінің дамуында да ешбір кінәрат болмайды. Дегенмен бізде қолдан ұрықтандыру жолымен сәбилі болған аналар өздігінен бала көтере алмағанын жасыруға тырысады. Мамандар мұны қоғамның ЭКО түсінігі бойынша сауатының төмен болуынан дегенді алға тартты.

Сәбилі болу үшін қомақты қаржы керек пе?

Шымкентте экстракорпоральді ұрықтандыру құны 800 мың теңге мен 1 млн 200 мың теңге аралығында. Баға ұрықтандырудың түріне байланысты. Мамандар бұл шетелдегі бағамен салыстырғанда бірнеше есе аз деп отыр. Бiрақ қазақстандықтардың квота алуға мүмкiндiгi бар. Балаға зар болып жүрген отбасыларға қаржыны мемлекет бөледі. Ағымдағы жылдың жарты жылында 15 келіншекке осындай мүмкіндік беріліп отыр. Ал жалпы Қазақстан бойынша 200-ге жуық квота бөлініп келеді. Алайда мамандар бұл еліміз үшін аз деп отыр.

2015 жылдан бері жұмысын бастаған Шымкенттегі орталықтың көмегімен 4 мыңға жуық сәби дүниеге есігін ашқан.

Баланың жынысын алдын ала анықтауға бола ма?

Қазақстанда сәбидің жынысын алдын ала анықтап алып жасанды ұрықтандыру жасауға заң тұрғысында рұқсат жоқ. Отандық дәрігерлер тек баланың генетикалық ауруларын анықтай алады. Ал әлемнің дамыған кейбір елдерінде жынысты таңдауға мүмкіндік бар.

ЭКО әдісімен тек бір ғана ұрық алынбайды. Оның бәрі әйел мен еркектің ұрығына байланысты. Кей жағдайда 10 эмбрион ұрықтандырылып, оның біреуі немесе екеуі ғана әйел жатырына салынады. Қалғанын ерлі-зайыптының өз қалауы бойынша лаборатияда сақтап қоюға болады. Зухра Джантаева дайын болған эмбрион қатырылып, арнайы құрылғыда ондаған жылдар бойы сақталады дегенді алға тартты. Мәселен, ЭКО арқылы балалы болған әйел араға бірнеше жыл салып тағы да сәбилі болуға ниеттенсе, қайтадан көмекке жүгіне алады. Бұл кезде қызмет құны да жеңілдетіледі. Тек эмбрионның лаборатияда сақталу ақысын төлесе болғаны. Ол айына – 3 мың теңге.

Дәрігер ЭКО жолымен екі баланы бір мезетте көтеру сирек кездеседі деп отыр. Бәрі де әйелдің денсаулығына байланысты. Жатыр бір мезетте екі эмбрионнан артық көтере алмайды екен. Егер жатырда морфологиялық өзгерістер болса, тек бір ғана эмбрион салынады.

Донорларға қойылатын талап қандай?

Ерлі-зайыптының бірінде ұрық мүлдем болмаса (климакс, овуляцияның болмауы, еркек шәуітінің сыртқа шықпауы), мұндай жағдайда үшінші адамның ұрығы пайдаланылады. Яғни, еркектің немесе әйел ұрығын донор ұрығымен ұрықтандырып, дайын болған эмбрион әйел жатырына салынады.

Жалпы ЭКО доноры дегеніміз — өз ұрығын орталыққа келіп өткізіп, өзгенің балалы болуына мүмкіндік сыйлау әдісі. Донордың ол қызметіне орталық есебінен 150-200 мың теңге көлемінде қаржы төленеді. Елімізде көп жағдайда сәби сүйгісі келгендер донорлыққа туыстарын әкеліп жатады екен. Шымкенттегі орталықта бір рет ұрығын өткізген донор екінші рет өз ұрығын қайта өткізе алмайды. Оларға қойылатын талап бірдей, әйел немесе еркек деп бөлінбейді: Донор барлық медициналық тексеруден өтеді. Егер денсаулығында ешбір кінәрат анықталмаса жарты жыл бақылауға алынады. Спирттік ішімдік, темекі тарту деген теріс әрекеттерден аулақ болуы тиіс. Үш рет ұрығы сараптамадан өткен соң оны пайдалануға болады. Айтпақшы, донор жасы 35-тен аспауы тиіс және бұған дейін дені сау баласы болуы шарт. Тағы бір негізгі талап — донордың руы.

Донор қызметіне жүгіну шараларының барлығы заң тұрғысында арнайы келісімшартпен жүзеге асады. Суррогат аналарға да талап сондай.

Қазақстанда донор қызметі шетелге қарағанда қиындық туғызбайтын көрінеді.

«Бізде қан тазалығы бар. Ана болуға ниеттенген кез келген жан донордың денсаулығымен қатар руын сұрайды. Тіпті кейде қай маман иесі екенін де талап ететіндер бар. Біз пациенттерге бұл мәліметтің бәрін береміз. Бірақ аты-жөндері құпия сақталады», — деді Зухра Джантаева.

Қазақстанда тұңғыш рет ЭКО арқылы дүниеге келген сәби кім?

Елімізде жасанды ұрықтандыру орталығының өз жұмысын бастағанына биыл 24 жыл толады. Алғаш рет ЭКО арқылы дүние есігін ашқан сәби — Юля есімді қыз баласы. Биыл 23 жасқа толады. Бүгінде ол Англияда тұрады. Оның дүниеге есігін ашуына септігін тигізген республикаға танымал репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарованың өзі.

ЭКО көмегімен 61 жастағы әйел балалы болған

Шымкентте тұратын 1957 жылғы тұрғын жолдасы екеуі үміттерін ешқашан үзбепті. Талай жерде ем алып, барлық жолды қарастырған егде жастағы әйел орталық көмегіне жүгінеді. Былтыр ол ана бақытын сезінген. Тек оған Қазақстанда емес, шетелде босануға тура келгіпті. Мамандардың айтуынша, еліміздегі медицина мекемелерінде 54 жастан асқан әйелдерді аман-есен босандырып алудың қаупі жоғары.

Самое интересное на сайте

Аким Шымкента зарезал барана на праздновании Наурыза

Опубликовано

Празднование  Наурыза в Шымкенте началось на берегу реки Кошкар-ата. Аким города Габидулла Абдрахимов принес барана в жертву. 

Наурыз шымкентцы начали праздновать на берегу реки Кошкар-ата.  Здесь проводились национальные обряды и массовые гулянья.

У истока реки были установлены три большие юрты, в каждом из них по обычаю готовили национальные блюда и накрывали дастархан. Тонну баурсаков приготовили для сегодняшнего праздника. Но главным угощением на столе был наурыз-коже. На берегу Кошкар-аты сегодня приготовили 300 литров этого блюда.

Пришедший поздравить горожан аким Габидулла Абдрахимов участвовал в обряде жертвоприношения — несколько человек зарезали барана на Наурыз. Абдрахимова также попросили провести обряд «тусау кесу» — чиновник по традиции «перерезал путы» годовалой девочке и пожелал ей счастливого будущего. 

Национальные игры — куресу (борьба) и кошкар-котеру (состязание по поднятию барана) — являются неотъемлемой частью праздника Наурыз. Джигиты мерились силами и по очереди поднимали барана весом более 40 кг. Самым сильным в состязании признали мужчину, сумевшего поднять животное на плечах более сотни раз.

Пожилые гости праздника пели национальные песни. На праздник привезли беркутов, лошадей и верблюдов. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан облысында көлік апатынан 3 бала мен ер кісі мерт болды

Опубликовано

Оқиға бүгін Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында, яғни, Түркістан облысында орын алған. ​Daewoo Nexia және Hyundai Starex минивэн жеңіл автокөлігі соқтығысты. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан 5 жастағы екі бүлдіршін мен 15-тегі жасөспірім ауруханаға барар жолда көз жұмды. Апат орын алған жерге Түркістан облыстың полиция департаментінің басшысы барды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. 

«Ірі көлік апатынан соң зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай үшеуі қайтыс болды. Тағы екі ер кісі, яғни, екі жүргізуші медицина мекемесіне ауыр халде түсті. Оның біреуі ауруханада көз жұмды» делінген ведомство хабарламасында.   

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан азаматы Шымкенттегі түнгі клуб күзетшісін пышақтап тастады

Опубликовано

Оқиға наурыздың 11-іне қараған түні Шымкент орталығындағы түнгі клубтардың бірінде орын алған. Күзетшімен ерегісіп қалған ер азамат оған пышақпен дене жарақатын салған. Қанды оқиғаның куәгерлері 102 қызметі мен жедел жәрдем шақыртты.

«Әл-Фараби аудандық ПБ-ның кезекші қызметіне хабарлама келіп түсе салысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы тез арада жетіп, мән-жайын анықтады. Белгілі болғаны түнгі клуб қызметшісіне дене жарақаты салынған. Күдікті ретінде Түркістан облысының азаматы ұсталды. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Айта кетерлігі, оқиға орнына 6 бірдей патрульдік полиция бригадасы қамтылған. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, осынша тәртіп сақшысының оқиға орнына жұмылдырылуы жаппай төбелестің алдын алу болып табылыпты. 

Дене жарақатын алған жәбірленуші күзетші ауруханаға жеткізілді. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.