Connect with us

Новости

Шымкентте мектеп директорлары кабинеттерінен айрылды

Опубликовано

Қазір еліміздегі үшінші мегаполисте төрт бірдей мектептің директоры кабинетін босатып үлгерген. Кең де, ыңғайлы бөлмелерін оқушыларға үлестіріп жатыр. Онда сабақ өткізіліп, кабинетсіз қалған қосымша үйірмелер жүргізілуде.

№25, №55, №60, №17 мектеп директорлары ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасын бірінші болып орындаған.

Осыған дейін оқушыларының сынып бөлмелеріне сыймай жүргеніні білсе де кабинетін босатып бермеген мектеп басшылары агенттіктің сынына қалған болатын. Енді жауаптылардың бұйрығымен хатшысымен қатар отырғандары көп. Дегенмен, орынтағын әлі де қимай жүргендері бар. Ара-тұра оқушыларда босаған кезде орнына барып жұмыс істейтінін жасырмайды.

Жанна Жанабаева, мектеп директоры: «Балалардың ҰБТ-ға дайындалуына және үйірме жұмыстарына кабинетімді босатып отырмын. Бұдан ешқандай қиындық көріп отырған жоқпын. Шынын айтсам, маған бұл жоба ұнады.Бір шетінен қарапайым халықпен бірдейсің. Екіншіден оқушылар директордың кабинеті қорқынышты емес екенін сезінеді. Мұғалімдер де жақсы ой туындайтын сияқты».

Бұл мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ бағынысты ұйымдардың басшыларына да қатысты. Қазіргі таңда Департаментпен Шымкент қаласындағы 64 мемлекеттік мекемелердің орналасқан алаңдары оңтайландырылды. Ең ұтымдысы, мектеп директоры кабинетінің маңына жоламайтын оқушылар қазір емін-еркін отырып, дәріс алып жатыр.

Айбек Шілманов, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Бізде қалыптасып қалған теңеу бар. Ол басшының кабинеті. Онда демалатын диван бар. Барлық жағдайы жасалған. Бөлек. Бірінші кезекте өзін ойлайды. Біз ол артық алаңдардың барлығын өзіңіздің игілігіңізге емес, сіздің мекемеңіз үшін қызмет етсін дедік. Сіздің мекеме білім беру үшін құрылған, онда оқушыларға жағдай жасайық деп білім басқармасымен бірлесіп жасадық.»

Новости

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Қаза тапқан әскери қызметкердің денесі Шымкентке жеткізілді

Опубликовано

Қызылорда облысында орын алған тікұшақ апаты салдарынан қаза тапқан әскери қызметкер, майор Сабыр Тоқбаевтың денесі Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды zynqala.kz тілшісі.

Шымкентте 55652 әскери әуе бөлімінде — қаралы күн. Таң азанымен әскеришілер қызмет барысында қаза болған  майор Сабыр Тоқбаевтың мәйітін күтіп алуға жиналды.

Оқу-жаттығу жұмысымен іссапарға кеткен әріптестерінің өзі емес, денесі оралғанына әлі де сене алар емес.

«Майор Сабыр Тоқбаевпен көп жылдан бері қызметтес болдым. Ол туралы тек жақсы естеліктер айта аламын. Өзінің қол астындағы жеке құрамға үнемі қамқор бола білді. Тек әріптестерін емес, олардың отбасының жағдайын да бақылауда ұстап, әрдайым көмегін аямайтын. Соңғы рет онымен тікұшақ апатқа ұшыраған күні сөйлестім. Мен мұндағы жұмыстарды баяндағаным сол, «Біз жолға шықтық. Қазір барып қаламыз» деген болатын. Апаттың орын алғаны туралы хабарды 27 наурызда кешкі жетілер шамасында естідік. Соңғы борттан хабар келгенше аман қалды деп үміттендік. Шынымды айтсам, майор Тоқбаевтың енді ортамызда жоқ екеніне әлі де сене алар емеспін»,-деді 55652 әскери бөлімінің майоры Бауыржан Молдабаев.

Марқұмның табыты түскі сағат 13.00-ге жоспарланған болатын. Алайда Қызылордада тікұшақ апаты кезінде қаза болғандардың денелерін туған еліне жөнелту  жұмыстары созылып, шымкенттік марқұм әскери қызметкердің денесі түскі 15.00-тен өте Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағымен жеткізілді.

Әскери қызметкердің денесін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас штабы басшысының орынбасары, генерал майор Мұхамеджан Таласов алып келді.

«Еліміз нағыз патриотынан, отанының адал ұлынан айырылды. Бұл — біз үшін орны толмас қайғы. Майор Сабыр Тоқбаев ақтық демі шыққанша әскери борышын адал орындады. Бұл қайғылы жағдайды Елбасымыз және Президентіміз өз бақылауларына алды. Министрлік тарапынан марқұмның отбасына материалдық көмек беретін боламыз. Барлық жеке құрам атынан Сабыр Тоқбаевтың отбасына көңіл айтамын»,-деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Шымкентке ұшақпен жеткізілген әскери қызметкердің денесі отбасына табысталды.

42 жастағы Сабыр Тоқбаев бала күнінен әскери қызметкер болып, отаныма адал қызмет етсем деп армандап өскен екен. Туысы әрі бала күнінен бірге өскен досы Рақым Құрбанқұл бұл қайғылы жағдайда естігенімде төбемнен жай түскендей қаралы хабарды қабылдай алмадым деді.

«Тікұшақтың апатқа ұшырағанын түнгі он екілер шамасында естідім. Бізге жеткен мәлімет бойынша, тікұшақтың артқы тұсынан өрт шығып, салдарынан борттағылар шамамен бір жарым шақырымдық биіктіктен жерге секіруге мәжбүр болыпты. Өкінішке орай, ешкім аман қалмаған. Сабырдың денесі соңғылардың бірі болып алқаптан табылыпты… Сабыр Тоқбаев отбасында жалғыз ұл, екі қарындасы бар. Соларға бас-көз болып, үнемі көмегін аямайтын. Тек бауырлары емес, туыстарына да ашық-жарқын бейнесімен мәңгі есте қалмақ… Жоспарлары өте көп болатын. Мал шаруашылығымен айналыссам, сол саланы дамытсам деуші еді. Екеуміз сол кәсіптің алғашқы қадамын бастап та қойып едік. Өзіме туған бауырымдай болып кеткен досымнан айырылып қалдым…» деп көзіне ерік берді марқұмның туысы.

Айта кетейік, майор Сабыр Тоқбаевтың артында жұбайы мен жеті ұл-қызы қалды. Қара жамылып отырған оның жұбайымен тілдесе алмадық. Қайын атасы бізбен сөйлесуге келісімін берді.

«Еліміз үшін үлкен қайғылы жағдай орын алды. Әп-сәтте елім деп жүрген он үш әскери қызметкеріміз шейіт болды. Марқұмдардың отбасына көңіл айтамын. Майор Сабыр Тоқбаевты арманы асқақ азаматтардың бірегейі, деп айтар едім. Әрбір жасаған ісіне тыңғылықты, аса жауапкершілікпен қарайтын.  Артында шеттей балалары мен жары қалды. Осы ретте мемлекет оларды қамқорлығына алса , жәрдем берсе деймін. Себебі Сабыр отбасындағы жалғыз асыраушы болатын»,-деді марқұмның  жұбайының әкесі Әбдіәшім Ерешұлы.

Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің орынбасары әкімдік тарапынан марқұмның отбасына материалдық көмектің берілетінін айтты. Тек әзірге қандай қолдау көрсетілетіні әл нақтыланбапты.

Ақпарат ретінде айтайық, қызмет барысында қаза тапқан майор Сабыр Тоқбаевтың ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, яғни, 31 наурыз күні өз үйінде өтеді.

Еске салсақ, 27 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында әскери әуе күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап,  өртеніп кетті. Тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу-жаттығуы аясында күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген. Бортта болған 13 қызметкер түгелдей мерт болды. Олардың ең жасы – 24 жастағы ұшқыш, лейтенант Аслан Айтбаев.

Читать дальше

Новости

2000 литров наурыз-коже приготовили в Туркестане

Опубликовано

Сегодня в Туркестане с особым размахом отметили День Великого Улуса — Наурыз. В торжественном мероприятии принял участие аким области Умирзак Шукеев, который поздравил жителей и гостей региона с праздником.

«В Туркестанской области празднование Наурыза началось 14 марта. Каждый день в нашей области были организованы различные мероприятия, высажены саженцы деревьев, проведены работы по озеленению и благоустройству города. Я призываю вас всех внести свой вклад в процветание Туркестана. От всей души поздравляю вас со светлым и великим праздником Наурыз мейрамы!», — сказал Умирзак Шукеев.

В праздничном мероприятии, прошедшем на площади Есим Хан приняли участие около 2000 человек, в том числе популярные артисты, студенты, жители и гости города. Кроме того, было показано театрализованное представление о весеннем празднике, а в юртах, установленных в этноауле накрыли богатые дастарханы, гостей угощали национальными блюдами.

Наряду с этим, для гостей приготовили 2000 литров наурыз коже и 1,5 тонны плова. Кроме того, была организована выставка изделий, изготовленных мастерами народных ремесел.

Информация пресс-службы акимата Туркестанской области. 

Читать дальше

Новости

Шымкенттегі «Южный» балмұздағы қайта сатылып жатыр

Опубликовано

Былтыр шымкенттіктер «Южный» балмұздағын жеп, жаппай уланып қалған еді. 150-ден аса тұрғын дәл осы уақытта ауруханадан шыққан болатын. Кәсіпкер жауапқа тартылып, сот шешімімен 1 жылға бас бостандығынан айрылғаны да есте. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану бағытында кәсіпкерлікпен айналысуына 3 жылға дейін шектеу де қойылған болатын.

Ал биыл, сұранысқа ие балмұздақ сататын дүңгіршекті екінші біреу жалға алып, ісін бастап кетіпті. Құжаттарын да құнттап, барлық санитарлық талапты сақтап отырғанын жеткізді. Есесіне, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары бұл істен бейхабар.

Қоғамдық орындағы тамақтанудың талабын қадағалаушылар биыл жеті дүйгіршекті жауып, балмұздақ сатуға тыйым салғандарын жеткізді. Санитарлардың талабын сақтамай балмұздақ сатып келген жеті кәсіпкердің ісі соттан бір-ақ шығыпты. Құжаттарын құнттамақ түгілі, тәтті тағамға қосатын тауар сапасына мән бермегені үшін ескерту алған. Қателігін жөндеудің орнына саудасын қыздырып келген.

«Медициналық тексеруден дер кезінде өтпеу, фортификацияланбаған ұнды пайдалану, өндірістік бақылаудың болмауы, кейбір азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарының болмауы жабуға себеп болды. Залалсыздандыру заттары жеткілікті мөлшерде еместігі, арнайы жұмыс киімінің толық еместігі және басқа да кемшіліктері бар. Анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды, кемшіліктерді жою туралы орындау мерзімі нақты көрсетілген хаттама толтырылды», — дедi Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Ұлжан Алибаева. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.