Connect with us

Самое интересное на сайте

Шымкентте дәрігерлердің жалақысы өсті

Опубликовано

Бұдан былай басқарма емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды.

Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды. Ақ халаттылар жалақысы биылдан бастап бірден 20 пайызға артады. Алайда, бұл өзгеріс мамандарға үлкен жауапкершілік жүктегелі тұр.

Еңбекақысы көтерілген медицина мамандары-ауруларды басқару бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өткен. Ауруларды басқару бағдарламасы дегеніміз — созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдарды қолдауға арналған және созылмалы ауруларды жүргізуді жақсартуға бағытталған кешенді, әртүрлі жоспарлы тәсіл болып табылады. Яғни, созылмалы ауруға шалдыққа пациенттердің электронды картасын дайындап, олардың өз-өзіне жауапкершілігін арттыруға дағдыландырудың жолын меңгеруі тиіс. Шымкентте жаңа жүйені оқып, жоғары жалақыға үмітті екі жүзден аса медициналық қызметкер бар. Оған 475 орта медициналық қызметкерлерді тағы қосыңыз.

Тоқсан соңына дейін терапевттер мен орта деңгейдегі медициналық қызметкерлердің 100% ауруды басқару бағдарламасына оқыту жоспарланған. Осылайша, 2019 жылы жаңа жүйені енгізген 1,5 мыңға жуық дәрігер мен орта медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 20 пайызға артады.

Самое интересное на сайте

Аким Шымкента зарезал барана на праздновании Наурыза

Опубликовано

Празднование  Наурыза в Шымкенте началось на берегу реки Кошкар-ата. Аким города Габидулла Абдрахимов принес барана в жертву. 

Наурыз шымкентцы начали праздновать на берегу реки Кошкар-ата.  Здесь проводились национальные обряды и массовые гулянья.

У истока реки были установлены три большие юрты, в каждом из них по обычаю готовили национальные блюда и накрывали дастархан. Тонну баурсаков приготовили для сегодняшнего праздника. Но главным угощением на столе был наурыз-коже. На берегу Кошкар-аты сегодня приготовили 300 литров этого блюда.

Пришедший поздравить горожан аким Габидулла Абдрахимов участвовал в обряде жертвоприношения — несколько человек зарезали барана на Наурыз. Абдрахимова также попросили провести обряд «тусау кесу» — чиновник по традиции «перерезал путы» годовалой девочке и пожелал ей счастливого будущего. 

Национальные игры — куресу (борьба) и кошкар-котеру (состязание по поднятию барана) — являются неотъемлемой частью праздника Наурыз. Джигиты мерились силами и по очереди поднимали барана весом более 40 кг. Самым сильным в состязании признали мужчину, сумевшего поднять животное на плечах более сотни раз.

Пожилые гости праздника пели национальные песни. На праздник привезли беркутов, лошадей и верблюдов. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан облысында көлік апатынан 3 бала мен ер кісі мерт болды

Опубликовано

Оқиға бүгін Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында, яғни, Түркістан облысында орын алған. ​Daewoo Nexia және Hyundai Starex минивэн жеңіл автокөлігі соқтығысты. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан 5 жастағы екі бүлдіршін мен 15-тегі жасөспірім ауруханаға барар жолда көз жұмды. Апат орын алған жерге Түркістан облыстың полиция департаментінің басшысы барды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. 

«Ірі көлік апатынан соң зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай үшеуі қайтыс болды. Тағы екі ер кісі, яғни, екі жүргізуші медицина мекемесіне ауыр халде түсті. Оның біреуі ауруханада көз жұмды» делінген ведомство хабарламасында.   

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан азаматы Шымкенттегі түнгі клуб күзетшісін пышақтап тастады

Опубликовано

Оқиға наурыздың 11-іне қараған түні Шымкент орталығындағы түнгі клубтардың бірінде орын алған. Күзетшімен ерегісіп қалған ер азамат оған пышақпен дене жарақатын салған. Қанды оқиғаның куәгерлері 102 қызметі мен жедел жәрдем шақыртты.

«Әл-Фараби аудандық ПБ-ның кезекші қызметіне хабарлама келіп түсе салысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы тез арада жетіп, мән-жайын анықтады. Белгілі болғаны түнгі клуб қызметшісіне дене жарақаты салынған. Күдікті ретінде Түркістан облысының азаматы ұсталды. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Айта кетерлігі, оқиға орнына 6 бірдей патрульдік полиция бригадасы қамтылған. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, осынша тәртіп сақшысының оқиға орнына жұмылдырылуы жаппай төбелестің алдын алу болып табылыпты. 

Дене жарақатын алған жәбірленуші күзетші ауруханаға жеткізілді. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.