Connect with us

Новости

Шымкентте банкрот болған өндіріс орындары мүліктерін сатуда

Опубликовано

Олардың қатарында осыдан төрт жыл бұрын қайта іске қосылған екі өндіріс орны  бар.

Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті берген мәліметке сенсек, сот шешімімен банкрот деп танылған «Меланж» бен «Ютекс» АҚ-ның мүліктерін сату үшін бағалау жұмыстары аяқталды. Енді электронды аукцион арқылы аталған өндіріс орындарының мүліктерін сату жұмыстары жоспарланып отыр. Сатылатын мүліктердің қатарында Opel Vectra көлігіне дейін бар. Ал толық тізіміне келсек, ПАЗ 4234, HOWO ZZ3257M 3641, MAZDA626, Volkswagen Caravelle мен Opel Vectra көліктері, ЗИЛ 431412, Skania, BOALLOV, ЗИЛ  ММЗ 4502, ЗИЛ 130, ГАЗ 322132  ауыр жүк көліктері.

Тағы бір мәлімет, ағымдағы жылдың наурызында сот шешімімен банкрот деп танылған алып зауыт ««Южполиметалл ӨК» АҚ-ның Шымкентке қарасты Бадам ауылдық округіндегі жер телімін сату жұмыстары аяқталды. Яғни, аталған жер телімі 22 қараша күні аукцион арқылы сатылды. Электронды сатып алуға үш сатып алушы қатысқан.

Ақпарат ретінде айта кетейік, «Меланж» бен «Ютекс» өндіріс орындары осыдан төрт жыл бұрын қайта іске қосылған болатын. 2012 жылы «Textiles.kz» компаниялар тобының «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру-2020» бағдарламасына енгізілген өндіріс орындарына  Қазақстанның Даму Банкі арқылы несие берілген. Өткен жылдың ақпанында екі фабриканың жұмысшылар тоғыз айдан бері жалақы ала алмай отырмыз деп ереуілге шыққан еді. Белгілі болғаны, өндіріс орандарының қызметкерлері алдындағы қарызы 160  млн теңгеге жеткен. Көп ұзамай текстильді қос фабрика банкрот болды.

Новости

Шымкенттік оқушыларға сол қолмен жазу үйретіліп жатыр

Опубликовано

Шаһардағы №90 мектептің оқушылары жаппай сол қолмен жазуға машықтанып жатыр.

Бастамаға білім ордасының басшысының өзі ұйытқы болған. Оқушылар сабақтан тыс уақытта сол қолмен диктант жазуға мәжбүр. Төрт жылдан бері аптасына бір рет 15 минуттарын сол қолмен жазу жазуға арнап келеді. Өзге мектептерде жоқ бұл дағдының оң өзгерістерін алдымен шәкірттер байқаған.

Бұл үрдісті балалардың ойлау қабілетін жақсарту үшін қолға алған. Мамандар сол қолмен жазу оң жақ мидың жұмысын жақсартады деп қосты. Бұл балалардың жылдам ойлауын қалыптастырып, кез-келген ситуациялық жағдайдан шығуға жол табуына көмектеседі екен.

Дария Жақсыбекова, мектеп оқушысы: «Менің математикама тікелей әсері болды. Бұрындары есептерді ойланып есептейтін болсақ, қазір екі қолмен жазуға байланысты тез есеп шығарамын. Сонымен қатар шығармашылық дамуға да тікелей әсерін тигізді. Өлең жаса бастадым, кішігірім. Өзім екі қолмен бірдей жазуға машықтана бастадым».

Читать дальше

Новости

Шымкентте дәрігерлер жетіспейді

Опубликовано

Үкіметтің жалақы мәселесін қайта қарауы тегін емес. Себебі, дәрігер жалақысының мардымсыз болғандығынан салада кадр тапшылығы орын алған. Сала мамандарының айтуына қарағанда, бүгіннің өзінде қалаға қырық шақты дәрігер жетіспейді. Фтизиолог, психолог, педиатр, акушер-гинеколог мамандары ауадай қажет дейді жауаптылар.

Айта өтейік, Шымкентте 3119 дәрігер қызмет атқарады. Сонымен қатар, 7796 орта буын қызметкер бар. Статистикаға сүйенсек, кадр тапшылығы 74 штаттық бірлікті құрайды дейді қалалық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Абишев.

«Қазір жас мамандарды жұмысқа тарту көзделуде. Ол үшін түрлі әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігі зерделенуде. Ақ халаттыларды баспанамен қамту 7-20-25 бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарлануда» — деп қосты сала басшысы.

Саладағы маман тапшылығын жасырмай жария еткен Ғалымжан Абишев осы мамандықтар бойынша жұмыс істеймін дегендерге әрқашанда есік ашық екенін жеткізді.

Читать дальше

Новости

«Ет пен сүйектен жаралған, жүрегі бар» полицейлер көмекке келді

Опубликовано

«Құрсай» шағынауданында шыққан өрт, құтқарылған екі бала, және батыр — Бақытжан: бұл тіркестер тренд болып жатқанда, жапа шеккен отбасы тыс қалды.

Мұны алғашқылардың бірі болып, полицейлер байқады. Көмек қолын созып, материалдық қолдау көрсетті. Шымкент қалалық Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің ұжымы өрт оқиғасынан аман қалған отбасыға қайырымдылық жасады. Қызметкерлер өртенген үйдің кәмелетке толмаған үш баласына көмек ретінде азық — түлік және көрпе жастық алып келіп тапсырды.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда «Құрсай» шағынауданында үй өртеніп, 13 жастағы жеткіншек түтінге тұншығып үйде қалып кеткен екі баланы құтқарып қалған болатын. Балдары аман қалған отбасы дымнан дымсыз қалды. Ішері асы, киерге киімі қалмаған. Тілсіз жаудың қоршауында қалған қос балақайдың өмірін сақтап қалған Бақытжан Беркінбайды төтеншеліктер мақтап, марапаттады.

Ізін сала, ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың алғысына бөленді. Өзі келіп қолын алмасада, құттықтауы мен медалі жетті. Мәртебелі марапатты Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы табыстады. «Ет пен сүйектен жаралған, жүрегі бар» полицейлер анасына да құрмет көрсетті.

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.