Connect with us

Самое интересное на сайте

Түркістан облысында көлік апатынан 3 бала мен ер кісі мерт болды

Опубликовано

Оқиға бүгін Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында, яғни, Түркістан облысында орын алған. ​Daewoo Nexia және Hyundai Starex минивэн жеңіл автокөлігі соқтығысты. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан 5 жастағы екі бүлдіршін мен 15-тегі жасөспірім ауруханаға барар жолда көз жұмды. Апат орын алған жерге Түркістан облыстың полиция департаментінің басшысы барды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. 

«Ірі көлік апатынан соң зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай үшеуі қайтыс болды. Тағы екі ер кісі, яғни, екі жүргізуші медицина мекемесіне ауыр халде түсті. Оның біреуі ауруханада көз жұмды» делінген ведомство хабарламасында.   

Самое интересное на сайте

Аким Шымкента зарезал барана на праздновании Наурыза

Опубликовано

Празднование  Наурыза в Шымкенте началось на берегу реки Кошкар-ата. Аким города Габидулла Абдрахимов принес барана в жертву. 

Наурыз шымкентцы начали праздновать на берегу реки Кошкар-ата.  Здесь проводились национальные обряды и массовые гулянья.

У истока реки были установлены три большие юрты, в каждом из них по обычаю готовили национальные блюда и накрывали дастархан. Тонну баурсаков приготовили для сегодняшнего праздника. Но главным угощением на столе был наурыз-коже. На берегу Кошкар-аты сегодня приготовили 300 литров этого блюда.

Пришедший поздравить горожан аким Габидулла Абдрахимов участвовал в обряде жертвоприношения — несколько человек зарезали барана на Наурыз. Абдрахимова также попросили провести обряд «тусау кесу» — чиновник по традиции «перерезал путы» годовалой девочке и пожелал ей счастливого будущего. 

Национальные игры — куресу (борьба) и кошкар-котеру (состязание по поднятию барана) — являются неотъемлемой частью праздника Наурыз. Джигиты мерились силами и по очереди поднимали барана весом более 40 кг. Самым сильным в состязании признали мужчину, сумевшего поднять животное на плечах более сотни раз.

Пожилые гости праздника пели национальные песни. На праздник привезли беркутов, лошадей и верблюдов. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан азаматы Шымкенттегі түнгі клуб күзетшісін пышақтап тастады

Опубликовано

Оқиға наурыздың 11-іне қараған түні Шымкент орталығындағы түнгі клубтардың бірінде орын алған. Күзетшімен ерегісіп қалған ер азамат оған пышақпен дене жарақатын салған. Қанды оқиғаның куәгерлері 102 қызметі мен жедел жәрдем шақыртты.

«Әл-Фараби аудандық ПБ-ның кезекші қызметіне хабарлама келіп түсе салысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы тез арада жетіп, мән-жайын анықтады. Белгілі болғаны түнгі клуб қызметшісіне дене жарақаты салынған. Күдікті ретінде Түркістан облысының азаматы ұсталды. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Айта кетерлігі, оқиға орнына 6 бірдей патрульдік полиция бригадасы қамтылған. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, осынша тәртіп сақшысының оқиға орнына жұмылдырылуы жаппай төбелестің алдын алу болып табылыпты. 

Дене жарақатын алған жәбірленуші күзетші ауруханаға жеткізілді. 

Читать дальше

Новости

Шымкентте 10 діни қызметкер аттестациядан құлады

Опубликовано

Екі күнге созылған аттестацияға Шымкент қаласы бойынша 280 дін қызметкері қатысты. Арасында керекті межеге жетпей, өзінің білімін дәлелдей алмағандар да бар. Бес жылда бір келетін тесттің межелеген балын 10 қызметкері жинай алмады. Аттестациядан өтуге: мешіт, медреседегі мамандар, сонымен қатар, имам, наиб имам, молда, азаншы, ұстаздар міндетте деп танылған. Нәтижесінде, Шымқаланың көрсеткіші республика бойынша Алматыдан кейін екінші орынға тұрақтаған. Сонымен, Шымкент қаласы имамдарының нәтижесі мынадай:

Шымкенттік дін қызметкерлерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш – 117 ұпай, ал жалпы екі кезең бойынша ең жоғары ұпай — 120

100 — 120 ұпай аралығында жинағандар — 24 адам
80 — 100 аралығында — 90 адам
60 — 80 аралығында — 67 адам
Басқалары бұдан да төмен ұпай жинаған

Алла үйінің қызметкерлері қандай сұрақтардан сүрінді? 

Күн сайын көпшілікпен кездесіп, уағыздарымен, қасиетті сөздерімен елдің сүйіспеншілгіне бөленіп жүрген Алла үйінің қызметкерлері Ата Заңымыз бойынша келген сұрақтардан қиналған. Мұны ҚМДБ өкіл имамы, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы мәлімдеді.

«Кез келген имам 3 нәрсеге негізделіп жұмыс істейді. Бірінші – ҚР Конституциясын білу керек. Біздің мүфтият өлшемі бойныша, заңды білмей, оған қайшы тірлік жасайтын имам дұрыс бағыттағы имам болып саналмайды. Ал біздің заңымыздың дінге қайшы жері жоқ, ол – халық үшін жасалған дүние. Сондықтан дін қызметкерлі түгелдей заңды білу керек, оны құрметтеуі тиіс. Екінші — ҚМДБ жарғысы, үшінші – мешітте жұмыс істеу ережесі. Осы үш нәрсені жатқа біліп, оны түсініп, амал жасаған имам дұрыс бағытта жүр деген сөз», — дейді Бақтыбай Қыдырбайұлы.

Сынақтан өте алмай қалғандар не істейді?

«Бұл аттестацияның мақсаты — дін қызметкерлерін жұмыстан шығару, олардың абыройын түсіру емес, керісінше олардың білімінің деңгейін анықтап, кемшін түскен жерлерін жетілдіру. Оның жұмысына қарқын беру. Қортынды бағасының өзінде де мына азамат отырған қызметіне лайықты екен,әрі лайықты лауазымын көтеруге тұрарлық екен, лайықты емес деген қортынды бағалар шықты», — деді Шымкенттің бас имамы.

Аттестация имамдардың қай бағытта әлсіз, қай бағытта біліктілігін арттыратын курсқа жіберу керектігін көрсетіп берді. Яғни, аттестация әр қаладағы өкіл имамдарға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. «Бізде 10 адам өте алмай қалды. Оны жазаламаймыз, әріптесіміз, көпшілктің адамы, құрметке ие болған азамат. Сондықтан көп болып көмектесеміз. 1 айдан кейін аттестацияны қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Қателігі бетіне айтылады, әрине. Енді олар басқаларға қарағанда 10 есе көбірек еңбетенуі тиіс. Ондай талапқа көнбесе, қайта тапсырудан бас тартып жатса, «бұл салада өсіп келе жатқан жастар бар, дінде қызмет ететіндердің саны артып келе жатыр, соларға орын бер» деп айтуға мәжбүр боламыз», — деп қосты.

Аттестация имамдарымызды ширатып, Алла разылығы үшін ел игілігі жолында қызмет етуге жігер сыйлады, санасында сілкініс тудырды. Талап күшейсе, тәртіп орнайды. Сондықтан аттестация 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өтсе деген ұсынысы барын да жасырып қалмады.

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.