Connect with us

Самое интересное на сайте

Келіншек тау

Опубликовано

Отбасын сақтап қалуды Алладан тілейтіндер баратын киелі тау.

Келіншек тау Созақ ауданынан 50 шақырымнан астам жердегі Таукент кентінің жоғарғы тұсындағы Абай ауылында орналасқан. Тауға бет алу үшін аудан орталығы Шолаққорғаннан таңғы сағат сегіздер шамасында жолға шықтық. 

Ауылға кіре ерекше ауаны сезіндік. Бізді ауылдың тарихын бес саусағындай жақсы білетін Асылхан Шоңғараев қарсы алды. Кейін қасымызға тарихқа жаны құмар ауыл мұғалімі Қайрат Қалиев қосылды. Жол-жөнекей туған ауылдарының кереметін мақтанышпен айтып келген қос тұрғын Келіншек тау маңына жақын орналасқан «Қаратау» мемлекеттік қорығына алып барды. Қорық қызметкері және ауылдың екі тұрғыны  таудың тарихы мен оның қасиеті туралы бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді.

Шалқып-балқып өмір сүрген «мажор қызы» туралы аңыз

«Бұл тау туралы аңыздар көп жерде айтылып та, жазылып та жүр» деп әңгімесін бастады 54 жастағы Асылхан Шоңғараев.

«Атадан балаға жеткен аңыздарда бұл тау ұзатылып бара жатқан бойжеткен мен оның көшінің мүсіні деген ұғым қалыптасқан. Ерте заманда бір байдың қызы жалғыз болған екен. Ерке, айтқаны әбден орындалып қалған бойжеткенді әкесі тек өзі ұнатқан адамға тұрмысқа беремін деп сөз берген деседі. Бір күні қыз көрші ауылдағы бір жігітті ұнатып, әкесінің батасын алады. Жалғыз қызынан әкесі ешнәрсе аямапты. Батасын беріп, жасауының бәрін алтыннан жасатады. Үлкен көшпен бірге түйенің үстіне отырған бойжеткен отырады жолға шығады. Кейін әкесі көшті шығарып салып, өзі кері қайтады. Себебі арғы бет қыздың келін боп түсетін ауылы болған екен. Жалғыз қызын ұзатқан ол қызының разылығын алайын деп кісі жіберген екен» деген тұрғынның сөзіне тағы бірі келіп қосылды.

Аңыздың аты аңыз. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Бір жағынан қарасаңыз, Келіншек таудың сұлбасы сәукеле киген келіншек мен айналасындағы өркешті түйелер, жасауы артылған көшке ұқсайды.

«Міне, көрдіңіз бе, қазақта «Әкенің қарғысы оқ» деген сөз бар. Бұл аңыздың тәрбиелік мәні тереңде» деп сөзін жалғастырды егде жастағы Асылхан Шоңғараев.

Мемлекеттік қорық қызметкері тұрғындардың айтқан аңызын растады. Келушілер көбіне осы аңызды естіп, таңдай қағысып жатады екен. Қысқасы, ел арасында бұл тауды «мажор» қыздың қатыгездігімен байланыстырады.

Келіншек тауды көру үшін туристер тіпті шетел асып келеді

Келіншеу тауға алғаш келушілердің көбі «Қаратау» мемлекеттік қорығы қызметкерлерінен жол көрсетуін өтінеді. Кейде жергілікті халық ГИД болады. Қорықтың инспекторы Бақыт Әбдірахманов тау табиғатын тамашалау үшін тек қазақстандықтар емес, Норвегия, Польша сынды елдерден де арнайы іздеп келетінін алға тартты.

«Осы жақында ғана қателеспесем Германиядан болу керек, зейнет жасындағы ерлі зайыптылар келіп кетті. Олар бұл тау туралы осы біздің қорық арқылы біліпті. Бір күн осында жатты. Негізі шетелдіктер демалудың рахатын біледі ғой. Бір көлік жалдап, қол ұстасып демалып қайтты. Бір сүйсінесің. Керек десеңіз, олар орысша да түсінбейді. Зорға түсіндіріп бердім (күліп)»,-деді қорық қызметкері.

Бақыт Әбдірахманов, қорықтың инспекторы

Тау етегінде түнейтіндер де бар

Тауға келетіндердің көбі оның етегіндегі бұлақ суын іздеп келеді. Ел арасында бұлақ суы түрлі дертке ем, ерекше дәмімен де танымал. Тіпті тау етегінде түнеп кететіндер бар болып шықты.

Мұндай жайтқа көбіне ауыл халқы куә. Нәпақасын мал бағып тауып жүрген қараша халық олардың біразымен тілдескен де екен.

«Мен өзім естіген жайттарға тоқталсам, көбіне тұрмысқа шыға алмай, бағы ашылмай жүрген қыздар осында келіп, Алладан жар сұрап жатады. Түнеп те кетеді. Кейін естіп жатамыз, олардың ниеттері қабыл болып, бір-бір үйдің отынын түтетіп отыр екен. Тағы бір жағдай, некеде жолы болмаған ер азаматтар да келіп түнейді. Яғни, отбасын сақтап қалуда да септігі тиеді деген болжамым. Әйтпесе ел не үшін келеді дейсіз? Негізі кесіп ешнәрсе айта алмаймын, бәрі адамның ішкі ниетіне қатысты ғой»,- деді Асылхан Шоңғараев.

Асылхан Шоңғараев

Тау шыңын бағындырған альпинист қаза болған

Ауыл тұрғындарының айтуынша, сонау Кеңес одағы кезінде мұнда бір топ альпинистер келген көрінеді. Бұл шамамен 1964-1967  жылдар аралығында болған. Ең биік шыңға жеткен орыс қызы өзі бағындырған шыңға белгі орнатып, төменге түсер сәтте қатты ұрған жел мен сарқырама тастардан аяғы тайып кетіп, қаза болған деген мәлімет бар. Бұл оқыс жағдайдан соң альпинист қыздың құрметіне ескерткіш белгісі орнатылған. 

«Қаратау» мемлекеттік қорғының инспекторы Бақыт Әбдірахманов тауға келушілердің бәрі бірдей шыңына шыға алмайтынын айтты. Өйткені биіктігі өзге таулардан аласа болғанымен, жартастары жоғарылауға кедергі. Оның үстіне жотасының тастары сарқырама секілді. Неғұрлым жоғары шыққан сайын, соғұрлым үгітіле түседі екен.

P.S. Таудың аңызы мен қасиеті туралы кеңінен мағлұмат алған соң біз де сонда қарай беттедік. Алыстан менмұндалаған керемет көрініс жақындаған сайын тіпті үрейді тудырады. Қатпар-қатпар жоталары тура бір құлап, астында қалып қоятындай сезімде боласың. Егер сіз де әсем таудың көрінісін тамашалауға ниет етсеңіз, оның қыр-сырын жақсы білетін маманмен бірге баруға кеңес береміз. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Шымкенттегі ит пен мысыққа арналған қонақ үй туралы не білеміз?

Опубликовано

Иә-иә, ешқандай да қалыс оқыған жоқсыз. Кәдімгі ит пен мысықтар «тынығатын орынды» дәл Шымкенттен табуға болады. Бұл қонақ үй жанында әсемдік (груминг) салоны, күндізгі емхана, тіпті зоодүкен де бар. Яғни, тұтастай жануарларға арналған кешен. Егер сізде ит пен мысығыңыз болса, осы қызметтің бәрін қаланы шарламай-ақ бір жерден алып кете аласыз.

Үйшік, жатын орын, тіпті желдеткішке дейін бар

Қонақ үй үш бөлімнен тұрады.  Оның бірі мысықтарға арналса, кейінгілері ірі төбеттер мен ұсақ тұқымды иттерге арналған. Әр бөлмеде үй жануарына арналған жатын орын, үйшік, ыдыс-аяқ пен өзге де қажеттіліктер қарастырылған. Тіпті кейде ит пен мысық иелері сүйікті жануарының жағдайы үшін ойыншықтарын да бірге алып келеді. Мұны қонақ үй қызметкерлері келген үй жануарының бірнеше күннен соң өз иелері мен мекен еткен үйіне деген сағынышының алдын алады деп түсіндірді. Яғни, ойыншықтармен алаңсыз ойнап, өз үйінде жүргендей сезінеді екен. Айтпақшы, қонақ үйде желдеткіш те орнатылған. Осы ретте мұндағы баға туралы мәлімет сізді де қызықтырып отырған болу керек. Мысықтар үшін тәулігіне 1000 теңге, ал иттерге 1500 теңге алынады.  Бұл бағаның ішінде тазалық шаралары, күндізгі серуен, тамақтандыру секілді қызметтер кіреді. Ал олардың тағамын иелері өздерімен бірге алып келуі қажет. Себебі әр жануардың өзінің тамақтану рационы болады.

Әрбір ит пен мысық жеке бақылауға алынады

«Біз әрбір келген ит пен мысыққа ерекше назар аударамыз. Оларды серуендету үшін ауламыз да бар. Таза ауада серуен кезін де жекелей бақылаймыз. Себебі бәрін бірден аулаға шығарсақ, бір-бірімен ырылдасып қалуы мүмкін. Әсіресе үшінші-төртінші күн өткенде оларға ерекше тәсілмен мән беруге тырысамыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені олар иелерін сағына бастайды. Тіпті кейбірінің көңіл күйі болмай, қамаулы тұрған бөлмесінен шықпай қояды», — деді қонақ үй қызметкерлері.

«Зооветсервис» кешенінің әкімшісі Нина Ивановна келушілердің әрбірінің өзіндік мінезі болатынын алға тартты. Бірі ойынды жақсы көрсе, енді бірі сабырлы келеді. Оны қонақ үйге өткізерде иелері айтады екен. Соған қарай күтім де жүргізіледі.

Қонақ үйге жылдың жаз мезгілінде келушілер көбейе түседі. Дәл сол уақытта көбі еңбек демалысына шығып, шет ел асып жатады. Кейбірі өзге қалаларға кетеді. Енді бір өзге де шаруаларымен жүреді. Сондай сәтте тұрғындар ит пен мысықтарын осы жерге алып келуді құп көреді. Қонақ үйде апталап, кейде бірнеше ай қонақ болатындар бар. Тек жаз ауасы емес, жыл он екі ай да бұл жерді мекен ететіндер жоқ емес.

«Қонақ үйдің ашылуының өзі қажеттіліктен туындады. Кешеннің бас дәрігері демалысқа кететін болып, үйіндегі үй жануарларын қалдыратын жер болмаған. Ол кісі бірнеше жануарды ұстайды. Күні бүгінге дейін бізге 787 келуші болды», — деп әңгімесі жалғаған кешен әкімшісі мына бір клиент туралы айтып берді.

Футболшының күшігі – тұрақты клиент

«Ордабасы» футбол клубында Сербиядан келген футболшы болды. Ол осында келісімшартпен ойнаған. Соның өте сүйкімді күшігі болды. «Мальтийская болонка» деп аталатын тұқымнан. Футболшыларды өзіңіз де білесіз ғой, үнемі жарыстарда жүреді. Сол күшік біздің тұрақты келушіміз еді. Бірақ өкініштісі,  күшікті Сербияда көлік қағып кетіпті», — деді Нина Ивановна.

«Вечерний ургант» жобасын көретін «Мадам» мысығы

Алматылық бір келіншек Шымкентке қонаққа келіп, біраз шаруаларын тындырып алмақ болып бірнеше күнге мысығын өткізеді. «Мадам» есімді мысық өзінің сылқымдылығымен қызметкерлердің есінде сақталып қалыпты. Ең қызығы, «Мадам» күн сайын кешкілік уақытта ресейлік «Вечерний ургант» жобасын көрмей ұйықтамайды екен. Өзінің IPad  планшеті — нағыз ойыншығы. Сол арқылы жобаны күн ұзаққа қарап отырады. Осыдан кейін кешен иесі қонақ үйдің әрбір бөлмесіне бір-бір планшеттен алуды көздепті. Бірақ кейінірек ол ойын өзгерткен.  

Ерекше айта кетерлігі, бұл зоологиялық кешенде иелері алып келіп, кейін хабарсыз кететіндері де бар. Оларды қызметкерлер өздеріне қалдырады. Мәселен, алты жастағы «Қазанбас» есімді төбет солардың бірі. Екі айлық кезінде емханаға ауыр сырқатпен келіп түскен оны иесі  өлтіре салыңдар деген екен. Бірақ, бас дәрігер кішкентай ғана күшікті емдеп, екінші өмір сыйлаған. Айтпақшы, емханаға ит пен мысықтарға отаның кез келген түрі жасалынады. Осы ретте кешен әкімшісі Нина Ивановна кей тұрғындарда жануарларға деген мейірімділік жоғалып барады деп қынжылды. Айтуынша, үйінде ит немесе мысық асырайтындар дұрыс күтпейді. Уақытысында егу жұмыстарын жасатпайды. Салдарынан жануар аурушаң болады. Тіпті кейде ит пен мысығын көшеге қалдырып, қатыгездік танытандар да көп деген ол жануарға кішкентай бала секілді күтім жасау керектігін алға тартты.

Әсемдік салонында Ресейде білім алған грумер еңбек етеді

Зоологиялық кешендегі груминг салоны туралы әңгіме тым бөлек. Ресейде білім алып келген грумер маманы Екатерина Мауэр ит пен мысық иелерінің талаптары жоғары деп отыр. Тек иелері емес, үй жануарының өздері де мінезді болып келеді екен. Шомылдырарда грумер маманына әлі үйренісе қоймағандары жатырқап жатады. Орынсыз мияулап немесе үріп мазаны алады. Бірақ маман мұны уақытша дейді. Уақыт өте үйренісіп, өз туысындай қабылдайды екен.

«Әсемдік салонында жүн қырқу, шомылдыру, «фенмен» кептіру, тарау, құлақтарын тазалау, тіпті тырнақтарын қысқартып, «жасанды тырнақ» та жабыстырып береміз. «Жасанды тырнақ» жиһаздарды бүлдірудің алдын алады. Яғни, табиғи тырнаққа пластмассадан жасалынған қалпақша жабыстырылады. Осы уақытқа дейін түрлі клиентті кездестірдім. Алғаш рет келгендер ит пен мысығының мінез-құлқын, талғамын айтады. Соған қарай қызмет көрсетеміз. Алғашында жатырқағандары кейінірек үйренісіп, тіпті біздің қызметімізге риза болып, ұзақ қоштасады. Бетімізден сүйіп, көздерінен балбұл жайнаған әсерін де байқаймыз», — деді грумер.

Айтпақшы, әсемдік салонында шамунь мен бальзам, иіссулар мен түрлі жақпаларға дейін итальяндық «Милорд» компаниясының өнімдері қолданылады. «Біз үшін бірінші кезекте сапа» деген Екетарина Мауэр өз қызметінің құны ит пен мысықтың салмағы мен көлеміне қарай өзгеріп отыратынын айтты. Мәселен, мысықты шомылдырып, кептіру, жүнін қырқу, құлағын тазалау ақысы 3500 теңгеден, дәл сол қызмет түрлері иттер үшін 4500 теңгеден басталады. Грумер қызметіне жылдың жаз бен көктем мезгілдеріне сұраныс жоғарылай түседі. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Аким Шымкента зарезал барана на праздновании Наурыза

Опубликовано

Празднование  Наурыза в Шымкенте началось на берегу реки Кошкар-ата. Аким города Габидулла Абдрахимов принес барана в жертву. 

Наурыз шымкентцы начали праздновать на берегу реки Кошкар-ата.  Здесь проводились национальные обряды и массовые гулянья.

У истока реки были установлены три большие юрты, в каждом из них по обычаю готовили национальные блюда и накрывали дастархан. Тонну баурсаков приготовили для сегодняшнего праздника. Но главным угощением на столе был наурыз-коже. На берегу Кошкар-аты сегодня приготовили 300 литров этого блюда.

Пришедший поздравить горожан аким Габидулла Абдрахимов участвовал в обряде жертвоприношения — несколько человек зарезали барана на Наурыз. Абдрахимова также попросили провести обряд «тусау кесу» — чиновник по традиции «перерезал путы» годовалой девочке и пожелал ей счастливого будущего. 

Национальные игры — куресу (борьба) и кошкар-котеру (состязание по поднятию барана) — являются неотъемлемой частью праздника Наурыз. Джигиты мерились силами и по очереди поднимали барана весом более 40 кг. Самым сильным в состязании признали мужчину, сумевшего поднять животное на плечах более сотни раз.

Пожилые гости праздника пели национальные песни. На праздник привезли беркутов, лошадей и верблюдов. 

Читать дальше

Самое интересное на сайте

Түркістан облысында көлік апатынан 3 бала мен ер кісі мерт болды

Опубликовано

Оқиға бүгін Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында, яғни, Түркістан облысында орын алған. ​Daewoo Nexia және Hyundai Starex минивэн жеңіл автокөлігі соқтығысты. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан 5 жастағы екі бүлдіршін мен 15-тегі жасөспірім ауруханаға барар жолда көз жұмды. Апат орын алған жерге Түркістан облыстың полиция департаментінің басшысы барды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. 

«Ірі көлік апатынан соң зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай үшеуі қайтыс болды. Тағы екі ер кісі, яғни, екі жүргізуші медицина мекемесіне ауыр халде түсті. Оның біреуі ауруханада көз жұмды» делінген ведомство хабарламасында.   

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.