Connect with us

Новости

Басына оқ атылған шенеунік: Қылмыстық іске қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано

Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасарын атып кету ісіне қатысты дерек шықты. Бұл туралы бүгін Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында шенеуніктің қорғаушылары мен жолдасы айтып берді, деп хабарлайды Zynqala.kz.

Рабиға Бейсебаеваның адвокаттары Жарқынбек Ибадуллаев пен Гүлжан Әбдіхалықова о баста бұл іс «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қозғалғанын, бірақ түсініксіз себептермен іс сотта «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатқанын мәлімдеді.

«Қозғалған істе «Адам өлтіруге оқталу» бабының не үшін өзгертілгенін әлі де түсініп отырған жоқпыз. Бұл бойынша сотқа өтініш тастадық. Әлі жауап берілген жоқ. Ал алғашқы сот отырысы кезінде айыпталушының мұндай әрекетке не себептен барғанына қатысты Рабиға Бейсебаева ірі көлемде ақша қарыз деген нұсқау айтылды. Біз айыпталушы тараптың мұндай мәлімдемесін қорғанудың бір жолы деп түсінеміз. Қазір қарызға қатысты тергеу жүріп жатыр», — деді адвокат Жарқынбек Ибадуллаев.

Жәбірленушінің жолдасы Еркін Бейсебаев әйелінің ешкімнен қарыз алмағанын айтты. Себебі қарыз алған болса тіл хат немесе келісімшарт жасалуы керек еді дейді.

Қалай болғанда да шенеуніктің күйеуі жұбайы мен отбасының ар намысын сақтап қалу үшін бәріне дайын екенін, әділдік үшін  Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа өтініш жазғанын, енді Президенттен араша сұрайтынын мәлімдеді.  

Жәбірленушінің тағы бір адвокаты Гүлжан Әбдіхалықова да күдікті тараптың қарыз туралы айтылған сөзімен келіспейді. Тапсырыс берушінің кек алуына мына бір оқиға себеп болуы мүмкін.

«2014 жылы аудандағы жергілікті балабақшада балалар жаппай уланады. Тексеру кезінде олардың улануына түшпара себеп болды деген ақпарат айтылды. Түшпараны балабақшаға жеткізіп беруші компанияның Рабиға Бейсебаеваға шабуыл жасауға тапсырыс берген күдіктімен байланысы бар. Мән-жайды анықтау үшін шұғыл комиссия құрылып, балабақшада біраз кемшіліктер анықталып, соңында жұмысы тоқтайды. Ал комиссияға дәл осы шенеунік басшылық еткен», — деді адвокат.

Ал айыпталушы тараптың қорғаушылары болса, үш жылдан бері  анасының қарызын қайтара алмай жүрген күдікті амалсыздан осындай қадамға барған, деп отыр. Себебі айыпталушы мен жәбірленуші бұған дейін жақсы араласқан. Оған сенгендіктен қарыз берерде ешқандай тіл хат жаздырып алмаған. Міне, сондықтан да құзырлы органдарға шағымданбастан «қорқыту» арқылы қарызды қайтарып алмақ болыпты.

Айыпталушының адвокаты Сапар Әміртаев күдіктінің расымен де  тапсырыс бергенін, бірақ жәбірленушіні өлтіру емес, тек қорқыту қажеттігін айтқан деп отыр. Егер әйел азаматын өлтіру қажет деген тапсырыс келіп түссе, олардың оқиға болған күні-ақ шенеуніктің көзін жоюға мүмкіндігі болды дейді. Қалай дегенмен де айыпталушының қорғаушылары бұл іске нүктені соттың ғана қоятынын және әділ шешім шықса болды деп отыр.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында қызметтік көлігімен үйіне түстенуге келген Төлеби ауданы әкімінің орынбасарына үйінің алдында шабуыл жасалды. Күдіктілер травматикалық тапаншадан бірнеше рет оқ атып, жасыл түсті жеңіл көлікпен оқиға орнынан қашып кетеді. Басынан жарақат алған шенеунік дереу ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды. Өткен жылдың желтоқсан айында тергеу аяқталып, іс сотқа өтті. Қаңтардың 22-сінде — алғашқы отырыс. Белгілі болғаны, әкім орынбасарына шабуыл жасағандар әлдекімнің тапсырысын орындаған. Яғни, жергілікті тұрғын бас араздығына байланысты Рабиға Бейсебаевадан кек алмақ болған. Содан өзінің танысына хабарласып, кек алу операциясын ұйымдастырып беруді тапсырады. Ол болса Жамбыл облысындағы танысына хабарласып, ол қасына тағы бір досын ертіп Төлеби ауданына келеді де бірнеше күн шенеунікті торуылдап жүріпті. Ары қарай тапсырысты орындамақ болады. Шенеунікке шабуыл жасауды тапсырған ер кісі оны орындағандарға 1 млн теңге беретін болып уәделескен. Белгіленген сомадан 300 мың теңге қолма-қол санап берген ер кісі қалғанын  тапсырысы орындалған соң беретінін айтқан.

Новости

Шымкенттік оқушыларға сол қолмен жазу үйретіліп жатыр

Опубликовано

Шаһардағы №90 мектептің оқушылары жаппай сол қолмен жазуға машықтанып жатыр.

Бастамаға білім ордасының басшысының өзі ұйытқы болған. Оқушылар сабақтан тыс уақытта сол қолмен диктант жазуға мәжбүр. Төрт жылдан бері аптасына бір рет 15 минуттарын сол қолмен жазу жазуға арнап келеді. Өзге мектептерде жоқ бұл дағдының оң өзгерістерін алдымен шәкірттер байқаған.

Бұл үрдісті балалардың ойлау қабілетін жақсарту үшін қолға алған. Мамандар сол қолмен жазу оң жақ мидың жұмысын жақсартады деп қосты. Бұл балалардың жылдам ойлауын қалыптастырып, кез-келген ситуациялық жағдайдан шығуға жол табуына көмектеседі екен.

Дария Жақсыбекова, мектеп оқушысы: «Менің математикама тікелей әсері болды. Бұрындары есептерді ойланып есептейтін болсақ, қазір екі қолмен жазуға байланысты тез есеп шығарамын. Сонымен қатар шығармашылық дамуға да тікелей әсерін тигізді. Өлең жаса бастадым, кішігірім. Өзім екі қолмен бірдей жазуға машықтана бастадым».

Читать дальше

Новости

Шымкентте дәрігерлер жетіспейді

Опубликовано

Үкіметтің жалақы мәселесін қайта қарауы тегін емес. Себебі, дәрігер жалақысының мардымсыз болғандығынан салада кадр тапшылығы орын алған. Сала мамандарының айтуына қарағанда, бүгіннің өзінде қалаға қырық шақты дәрігер жетіспейді. Фтизиолог, психолог, педиатр, акушер-гинеколог мамандары ауадай қажет дейді жауаптылар.

Айта өтейік, Шымкентте 3119 дәрігер қызмет атқарады. Сонымен қатар, 7796 орта буын қызметкер бар. Статистикаға сүйенсек, кадр тапшылығы 74 штаттық бірлікті құрайды дейді қалалық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Абишев.

«Қазір жас мамандарды жұмысқа тарту көзделуде. Ол үшін түрлі әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігі зерделенуде. Ақ халаттыларды баспанамен қамту 7-20-25 бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарлануда» — деп қосты сала басшысы.

Саладағы маман тапшылығын жасырмай жария еткен Ғалымжан Абишев осы мамандықтар бойынша жұмыс істеймін дегендерге әрқашанда есік ашық екенін жеткізді.

Читать дальше

Новости

«Ет пен сүйектен жаралған, жүрегі бар» полицейлер көмекке келді

Опубликовано

«Құрсай» шағынауданында шыққан өрт, құтқарылған екі бала, және батыр — Бақытжан: бұл тіркестер тренд болып жатқанда, жапа шеккен отбасы тыс қалды.

Мұны алғашқылардың бірі болып, полицейлер байқады. Көмек қолын созып, материалдық қолдау көрсетті. Шымкент қалалық Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің ұжымы өрт оқиғасынан аман қалған отбасыға қайырымдылық жасады. Қызметкерлер өртенген үйдің кәмелетке толмаған үш баласына көмек ретінде азық — түлік және көрпе жастық алып келіп тапсырды.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда «Құрсай» шағынауданында үй өртеніп, 13 жастағы жеткіншек түтінге тұншығып үйде қалып кеткен екі баланы құтқарып қалған болатын. Балдары аман қалған отбасы дымнан дымсыз қалды. Ішері асы, киерге киімі қалмаған. Тілсіз жаудың қоршауында қалған қос балақайдың өмірін сақтап қалған Бақытжан Беркінбайды төтеншеліктер мақтап, марапаттады.

Ізін сала, ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың алғысына бөленді. Өзі келіп қолын алмасада, құттықтауы мен медалі жетті. Мәртебелі марапатты Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы табыстады. «Ет пен сүйектен жаралған, жүрегі бар» полицейлер анасына да құрмет көрсетті.

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.