Connect with us

Новости

Арақ пен темекіні қойдыратын түлкібастық емші туралы не білеміз?

Опубликовано

65 жастағы Болат Бәйменов 30 жылдан бері талай жанның дертіне шипа сыйлап келе жатқан жан.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында тұратын зейнеткер Болат Бәйменовке алғашында сұхбат алмақ болып хабарласқанымызда ол кісі бірден бас тартты. «Өзімді жарнамалағанды ұнатпаймын. Қажет адам өзі іздеп келер» деп қысқа қайырған емші кейінірек біздің өтінішімізге келісті. Тек өз шартын қойды. Сұхбатты өзі емес, көмекшісі әрі жұбайы Баян Бәйменова беретін болды.

«Жолдасыммен отандасқаныма 42 жыл болды. Соңғы 30 жылдан бері  емшілік жолды ұстанып келеді. Негізі ол кісіге бұл қасиет анасынан дарыған. Марқұм енем де кезінде дем салып, талай жанды емдеп, аяқтан тұрғызған жан болған» деп әңгімесін бастаған Баян Бәйменова жолдасына  көбіне кімдер келетіндер туралы да сөз қозғады. Айтуынша, Болат емші тек арақ пен темекіні ғана қойдыруға септігін тигізбейді. Ол кісіге неше жылдан бері құрсақ көтере алмағандар, кіші дәретін ұстай алмайтындар, аяқ-қоялы тырысып қалатын (судороги) 2-3 айлық сәбилерін де алып келетіндер бар. Көбіне жоғарыда атап өткеніміздей спирттік ішімдік пен шылымға тәуелді болғандар келіп жататын көрінеді. Өз сөзінде емшінің көмекшісі жолдасы шипа сұрап келгендерді алдымен өзі қарап, жөн-жоралғысын жасап, кейін дәрігер мен мешіттерге жіберетінін айтты. Яғни, емші кәсіби мамандармен тығыз жұмыс жасайды.

«Көбіне емшілер қамшымен дүре соқса, енді бірі алып келген суын немесе өзге де затын оқып береді. Ал Болат емші қандай тәсілді қолданады?» деген сауалымызға көмекшісі былай жауап берді:

«Біз емдік шөптермен дәрі жасамаймыз. Алланың берген қара суымен емдейміз. Арыстан баб секілді әулиелі жерлерден су алып келеміз де жолдасым Құран аяттарымен дұға оқиды. Кейін келген адамға сол суды ішкізеді. Суды үйіне беріп жібермейміз. Тек осында ішеді. Бір ішкеннен арақ пен темекіден түбегейлі бас тартатындар бар, кейде адам ары қарай да емделейін деп бірнеше рет келеді. Жолдасым алдына көмек сұрап келген жанның бәрін қарайды. Кейбіреулер «Талай жерге бардық, бұл не істей алады дейсің?» деп сынап келіп жатады. Әрине, ондайларға ем қону қиын. Бастысы, адамның ішкі ниетіне байланысты. Бүгін бізге сын көзбен қарап, кейде қатты сөйлеп кетіп, ертең жаны қиналып келіп жататындар бар. Алла жолында жүрген адам болғандықтан ондайлардан теріс айналуға қақымыз жоқ», — деді емшінің жұбайы. 

Емшінің келушілерге қояр басты талабы таза ниетпен әрі дәретпен, Аллаға сыйынып, емге сеніп келуі тиіс. Сонда ем жақсы даритын көрінеді. Ал егер құран аяттары оқылған суды ішіп, кейін емге сенімсіздік танытып ескі «әуеніне» қайта салатындар болса, олардың жағдайы тіпті қиындай түседі екен. Қатты ауырады. Тіпті төсек тартып қалуы да ғажап емес. Түлкібастық емші бұны кез келген келушіге дем салмас бұрын мұқият түсіндіреді. Шын ниетпен келгендері соңына дейін отырса, кейбірі емшіні мысқылдап кетеді екен. Осыдан біраз жыл бұрын Шымкенттен екі жігіт пен бір әйел азаматы келіп, оның емшілік қасиетіне сенімсіздік танытып, тіпті қоқан-лоққы көрсетпек болыпты. Олардың бұнысына аса мән бермеген емші «Аман-есен үйлеріңізге қайтыңыздаршы» деп шығарып салған көрінеді. Кейін белгілі болғаны, олар қатты сырқаттанып, қазір төсек тартып жатыр екен.

Болат Бәйменовті тек сырқатына ем іздеп қана емес, көріпкел жандар да арнайы іздеп келеді екен. Кейде тылсым күштің куәсі болатындар да жоқ емес.

«Қателеспесем, Алматы жақтан болу керек бір кісі келді. Көріпкел екен. Үйге келіп, есіктің алдында тұрып, үш рет кіруге талпыныпты. Бірақ, кіре алмаған. Содан құманмен жылы су әкеліп беруімді өтінді. Дәрет алып келіп дұғалар оқып, үш рет «Ниет еттім» деп дауыстап айтып барып жолдасымның келушілерді қабылдау бөлмесіне кірді. Кейін әңгімелесіп отырып айтқаны, ол Түлкібаста осындай емшінің бар екенін естіп, жай қызығып бір көріп кетейін деп келген екен. «Көзіме емшінің қорғаны арыстан мен айдаһар көрініп, солар ішке кіргізбеді. Дәрет алып, үш рет «ниет еттім» деп рұқсатын алып барып кірдім» деді әлгі көріпкел» деп сөзін жалғаған Баян Бәйменова мына бір оқиғамен де бөлісті.

«Осыдан біраз уақыт бұрын Тараздан бір ер кісі келді. Талай жыл араққа салынып, өмірінің быт-шыты шыққан. Әйелімен ажырасқан, жұмысынан айырылған. Кейін бәрін ой елегінен өткізіп, жолдасыма келді. Бір рет ем салдырып, араға біраз уақыт салып анасын ертіп келді. Ол кісінің жасы 80-де екен. «Балам сіздерге келіп тура жолға түсті. Арағын қойып, отбасымен қайта қосылды. Жұмысқа да орналасып, жолы ашылды. Аналық рахметін айтқым келеді» деп ризашылығын білдірді. Міне, көрдіңіз бе, бәрі алдымен Алланың, кейін адамның ішкі ниетінің арқасында», — деді ол.

Сұхбат соңында әңгімемізге емшінің өзі араласты.

«Мен шамамның келгенінше қиналып келген жанға көмегімді беруге тырысамын. Ешкімге қастандық тілемеймін, тек жақсылық болса деймін. Егер мен алдыма келген адамды дертінен жазбасам, өзім сырқаттанып қаламын. Сол себептен оны сауықтыруға барымды саламын. Халықтың дертіне шипа қонып, дуа мен тіл-көзден сақтап, иман жолына жүруіне бір кісідей ат салысып жүрген адаммын. Және де ерлі-зайыптылардың ажырасуына түбегейлі қарсымын. Екіге айырылысқан жандарды қайта қосу жағын да оқимын. «Ерлі-зайыптыларды Алла қосқан. Бәріне шыдау керек» деп ақылымды айтып отырамын» —деп қысқа қайырды Болат Бәйменов.

 Түлкібастық емшіні еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп келушілер саны өте көп. Тіпті Польша, Грузия, Түркия, Ресей секілді елдерден де арнайы келеді. Бәрінің мақсаты — дертіне шипа іздеу.

Арақ пен темекіні қою үшін келетіндердің ең үлкені 60-70 жаста болса, ең жасы 20-да екен. Кейде мектеп оқушылары да келеді, бірақ сирек. Айтпақшы, Болат емші есірткіге тәуелді болған талай жанның тура жолға түсуіне де септігін тигізіпті.

Новости

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Қаза тапқан әскери қызметкердің денесі Шымкентке жеткізілді

Опубликовано

Қызылорда облысында орын алған тікұшақ апаты салдарынан қаза тапқан әскери қызметкер, майор Сабыр Тоқбаевтың денесі Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды zynqala.kz тілшісі.

Шымкентте 55652 әскери әуе бөлімінде — қаралы күн. Таң азанымен әскеришілер қызмет барысында қаза болған  майор Сабыр Тоқбаевтың мәйітін күтіп алуға жиналды.

Оқу-жаттығу жұмысымен іссапарға кеткен әріптестерінің өзі емес, денесі оралғанына әлі де сене алар емес.

«Майор Сабыр Тоқбаевпен көп жылдан бері қызметтес болдым. Ол туралы тек жақсы естеліктер айта аламын. Өзінің қол астындағы жеке құрамға үнемі қамқор бола білді. Тек әріптестерін емес, олардың отбасының жағдайын да бақылауда ұстап, әрдайым көмегін аямайтын. Соңғы рет онымен тікұшақ апатқа ұшыраған күні сөйлестім. Мен мұндағы жұмыстарды баяндағаным сол, «Біз жолға шықтық. Қазір барып қаламыз» деген болатын. Апаттың орын алғаны туралы хабарды 27 наурызда кешкі жетілер шамасында естідік. Соңғы борттан хабар келгенше аман қалды деп үміттендік. Шынымды айтсам, майор Тоқбаевтың енді ортамызда жоқ екеніне әлі де сене алар емеспін»,-деді 55652 әскери бөлімінің майоры Бауыржан Молдабаев.

Марқұмның табыты түскі сағат 13.00-ге жоспарланған болатын. Алайда Қызылордада тікұшақ апаты кезінде қаза болғандардың денелерін туған еліне жөнелту  жұмыстары созылып, шымкенттік марқұм әскери қызметкердің денесі түскі 15.00-тен өте Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағымен жеткізілді.

Әскери қызметкердің денесін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас штабы басшысының орынбасары, генерал майор Мұхамеджан Таласов алып келді.

«Еліміз нағыз патриотынан, отанының адал ұлынан айырылды. Бұл — біз үшін орны толмас қайғы. Майор Сабыр Тоқбаев ақтық демі шыққанша әскери борышын адал орындады. Бұл қайғылы жағдайды Елбасымыз және Президентіміз өз бақылауларына алды. Министрлік тарапынан марқұмның отбасына материалдық көмек беретін боламыз. Барлық жеке құрам атынан Сабыр Тоқбаевтың отбасына көңіл айтамын»,-деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Шымкентке ұшақпен жеткізілген әскери қызметкердің денесі отбасына табысталды.

42 жастағы Сабыр Тоқбаев бала күнінен әскери қызметкер болып, отаныма адал қызмет етсем деп армандап өскен екен. Туысы әрі бала күнінен бірге өскен досы Рақым Құрбанқұл бұл қайғылы жағдайда естігенімде төбемнен жай түскендей қаралы хабарды қабылдай алмадым деді.

«Тікұшақтың апатқа ұшырағанын түнгі он екілер шамасында естідім. Бізге жеткен мәлімет бойынша, тікұшақтың артқы тұсынан өрт шығып, салдарынан борттағылар шамамен бір жарым шақырымдық биіктіктен жерге секіруге мәжбүр болыпты. Өкінішке орай, ешкім аман қалмаған. Сабырдың денесі соңғылардың бірі болып алқаптан табылыпты… Сабыр Тоқбаев отбасында жалғыз ұл, екі қарындасы бар. Соларға бас-көз болып, үнемі көмегін аямайтын. Тек бауырлары емес, туыстарына да ашық-жарқын бейнесімен мәңгі есте қалмақ… Жоспарлары өте көп болатын. Мал шаруашылығымен айналыссам, сол саланы дамытсам деуші еді. Екеуміз сол кәсіптің алғашқы қадамын бастап та қойып едік. Өзіме туған бауырымдай болып кеткен досымнан айырылып қалдым…» деп көзіне ерік берді марқұмның туысы.

Айта кетейік, майор Сабыр Тоқбаевтың артында жұбайы мен жеті ұл-қызы қалды. Қара жамылып отырған оның жұбайымен тілдесе алмадық. Қайын атасы бізбен сөйлесуге келісімін берді.

«Еліміз үшін үлкен қайғылы жағдай орын алды. Әп-сәтте елім деп жүрген он үш әскери қызметкеріміз шейіт болды. Марқұмдардың отбасына көңіл айтамын. Майор Сабыр Тоқбаевты арманы асқақ азаматтардың бірегейі, деп айтар едім. Әрбір жасаған ісіне тыңғылықты, аса жауапкершілікпен қарайтын.  Артында шеттей балалары мен жары қалды. Осы ретте мемлекет оларды қамқорлығына алса , жәрдем берсе деймін. Себебі Сабыр отбасындағы жалғыз асыраушы болатын»,-деді марқұмның  жұбайының әкесі Әбдіәшім Ерешұлы.

Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің орынбасары әкімдік тарапынан марқұмның отбасына материалдық көмектің берілетінін айтты. Тек әзірге қандай қолдау көрсетілетіні әл нақтыланбапты.

Ақпарат ретінде айтайық, қызмет барысында қаза тапқан майор Сабыр Тоқбаевтың ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, яғни, 31 наурыз күні өз үйінде өтеді.

Еске салсақ, 27 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында әскери әуе күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап,  өртеніп кетті. Тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу-жаттығуы аясында күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген. Бортта болған 13 қызметкер түгелдей мерт болды. Олардың ең жасы – 24 жастағы ұшқыш, лейтенант Аслан Айтбаев.

Читать дальше

Новости

2000 литров наурыз-коже приготовили в Туркестане

Опубликовано

Сегодня в Туркестане с особым размахом отметили День Великого Улуса — Наурыз. В торжественном мероприятии принял участие аким области Умирзак Шукеев, который поздравил жителей и гостей региона с праздником.

«В Туркестанской области празднование Наурыза началось 14 марта. Каждый день в нашей области были организованы различные мероприятия, высажены саженцы деревьев, проведены работы по озеленению и благоустройству города. Я призываю вас всех внести свой вклад в процветание Туркестана. От всей души поздравляю вас со светлым и великим праздником Наурыз мейрамы!», — сказал Умирзак Шукеев.

В праздничном мероприятии, прошедшем на площади Есим Хан приняли участие около 2000 человек, в том числе популярные артисты, студенты, жители и гости города. Кроме того, было показано театрализованное представление о весеннем празднике, а в юртах, установленных в этноауле накрыли богатые дастарханы, гостей угощали национальными блюдами.

Наряду с этим, для гостей приготовили 2000 литров наурыз коже и 1,5 тонны плова. Кроме того, была организована выставка изделий, изготовленных мастерами народных ремесел.

Информация пресс-службы акимата Туркестанской области. 

Читать дальше

Новости

Шымкенттегі «Южный» балмұздағы қайта сатылып жатыр

Опубликовано

Былтыр шымкенттіктер «Южный» балмұздағын жеп, жаппай уланып қалған еді. 150-ден аса тұрғын дәл осы уақытта ауруханадан шыққан болатын. Кәсіпкер жауапқа тартылып, сот шешімімен 1 жылға бас бостандығынан айрылғаны да есте. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану бағытында кәсіпкерлікпен айналысуына 3 жылға дейін шектеу де қойылған болатын.

Ал биыл, сұранысқа ие балмұздақ сататын дүңгіршекті екінші біреу жалға алып, ісін бастап кетіпті. Құжаттарын да құнттап, барлық санитарлық талапты сақтап отырғанын жеткізді. Есесіне, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары бұл істен бейхабар.

Қоғамдық орындағы тамақтанудың талабын қадағалаушылар биыл жеті дүйгіршекті жауып, балмұздақ сатуға тыйым салғандарын жеткізді. Санитарлардың талабын сақтамай балмұздақ сатып келген жеті кәсіпкердің ісі соттан бір-ақ шығыпты. Құжаттарын құнттамақ түгілі, тәтті тағамға қосатын тауар сапасына мән бермегені үшін ескерту алған. Қателігін жөндеудің орнына саудасын қыздырып келген.

«Медициналық тексеруден дер кезінде өтпеу, фортификацияланбаған ұнды пайдалану, өндірістік бақылаудың болмауы, кейбір азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарының болмауы жабуға себеп болды. Залалсыздандыру заттары жеткілікті мөлшерде еместігі, арнайы жұмыс киімінің толық еместігі және басқа да кемшіліктері бар. Анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды, кемшіліктерді жою туралы орындау мерзімі нақты көрсетілген хаттама толтырылды», — дедi Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Ұлжан Алибаева. 

Читать дальше

Популярное

Незаконное копирование материалов запрещено. Перепубликации возможны при условии активных ссылок на источник материалов не более 30 процентов копирования.

© Барлық құқықтар сақталған.